Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Бір апта қалды: «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтемді төлеу мерзімі 3 шілдеде аяқталады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (бұдан әрі – ҚДКБҚ) кепілдік берілген өтемді «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларының барлығы бірдей алмағанын хабарлайды. Бүгінгі таңда ҚДКБҚ таратылатын банктің салымшыларына 1,5 млрд астам теңгеге өтем төледі. Бір қолға төленген максималды өтем сомасы - 15 млн теңгені құраса, ең аз төлем - 10 теңгеге дейін болды.    


ҚДКБҚ салымшылардың осы уақытқа дейін талап етілмеген кепілдік өтемақы мөлшері негізінен азғантай сома екенін хабарлады. Оларды алу үшін «Еуразиялық банк» АҚ агент банкінің бөлімшелеріне келудің қажеті жоқ. Төлемдердің электрондық порталын пайдалана отырып, кепілдік берілген өтемді алуға өтінішті тез арада онлайн беруге болады. 


Ол үшін салымшының (банктік шоттардың, төлем карточкаларының және депозиттерінің иесі) ағымдағы электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Одан әрі ол бейне тексеруден өтуі немесе ұялы телефон нөміріне алынған бір реттік құпиясөзді (кодты) енгізуі қажет. Өз кезегінде салымшылардың мұрагерлері, олардың заңды өкілдері және басқа да құқық иелері, сондай-ақ дәстүрлі банктік қызметтерді қалайтын тұлғалар өздерінің растайтын құжаттарын ала отырып, агент-банкке жүгінуі қажет. 


«Естеріңізге сала кетейін, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары соңғы күнін қоса алғанда ағымдағы жылдың 3 шілдесіне дейін кепілді өтемді төлеуге өтініш бере алады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін ҚДКБҚ таратылатын банк салымшыларының талап етілмеген сомаларын олардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударады. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ақша қаражаты төлем мерзімі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, яғни 2 тамызды қоса алғанда төлем мерзімі аяқталғанға дейін аударылады», - деді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев


ҚДКБҚ мәліметтері бойынша, 47 мың қазақстандық ақшасын «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-та сақтаған. Бір жылдан аз уақыт ішінде банк салымшыларына кепілдік берілген өтемнің жалпы сомасының 92%-дан астамы төленді. Бұл ретте таратылатын банктің салымшылары банк барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылғаннан кейін 6 күн өткен соң рекордтық мерзімде ең жоғары кепілдік сомасы шегінде өз қаражатын ала алды, - деп атап өтті Өтембаев. 


ҚДКБҚ заңнамада салымшының кепілді өтемді төлеу мерзімі өтіп кетсе де, әрі талап етілмеген сома БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда да дәлелді себептермен өтініш беру мүмкіндігі қарастырылғанын еске салады. Бұл мүмкіндікті төлем мерзімі аралығында – 2021 жылғы 3 шілдеден 2022 жылғы 3 шілдеге дейінгі уақытта кепілді өтемді алуға өтініш беруіне кедергі болған мынадай жағдайлар болған тұлғалар пайдалана алады: 


• салымшыны әскери қызметке қабылдау;

• салымшының Қазақстан Республикасынан тыс жерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы;

• салымшының мұрасын қабылдау және мұраны алуға немесе ашуға байланысты басқа да себептер;

• сот белгілеген өзге де мән-жайлар.


Дәлелді себептер бойынша өтініштерді ҚДКБҚ банк түпкілікті таратылғанға дейін немесе егер кепілдік берілген өтем сомасы БЖЗҚ-ға аударылған болса, салымшының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқығы пайда болғанға дейін қабылдайды. 


Толық ақпаратты 1460 тегін қысқа нөмірі арқылы, www.kdif.kz сайтынан алуға болады, сондай-ақ info@kdif.kz электронды поштасына сұрау жолдауға немесе @kdif_ask Telegram чатында сұрақ қоюға мүмкіндік бар.