Жиі қойылатын сұрақтар

ақша, инвестиция және қауіпсіздік туралы

Банктер жылдық сыйақы мөлшерлемесі 13,5 және одан да жоғары пайыз болатын депозиттерді жарнамалап жатыр. Бұл қандай салымдар? Сенуге бола ма?

Бұл жинақ салымдар. Мерзімі - бір жылдан екі жылға дейін. Үстіне қосымша ақша салуға және мерзімінен бұрын ақша алуға болмайды. Белгілі бір мақсаттарға арналған мұндай ұзақ мерзімді салымдарды күнделікті шығындарына жетіп артылатын ақшасы бар адамдар таңдайды.

Ақшаны екі жылға салу міндетті емес. Банктер мұндай салымдарды жарнамалайтын себебі, олар бойынша ең жоғары сыйақы төленеді. Банктерде мерзімі бір айдан бастап үш жылға дейін болатын салымдар бар. Ең жоғары сыйақы әрине, толықтыруға болмайтын осы жинақ салымдарда болады.

Жалпы жинақ салымдар елімізде 2018 жылдың 1 қазанынан бастап енгізілген. Мерзімі – үш жылға дейін. Үстінен қосымша ақша салуға болатын және ақша салуға болмайтын түрлері бар. Бірақ жинақ салымдардың бір ерекшелігі – оларды мерзімінен бұрын жартылай алуға болмайды. Тек толығымен ғана алуға болады. Бұл жағдайда салым жабылады. Сәйкесіше банк Сізге салым бойынша сыйақы мөлшерлемесін 0,1 пайыздан аспайтын көлемде беруі мүмкін.

Жинақ салымға қосымша ақша салып тұруға бола ма?

Мерзімінен бұрын алуға болмайтын депозит не үшін керек?

Егер жинақ салымнан ақша мерзімінен бұрын керек болып қалса, не істеуге болады?

Жинақ салымдарды мерзімінен бұрын алуға шектеу қоймайтын банктер бар ма?

Егер ақша алдағы уақытта бәрібір керек болып қалуы мүмкін болса, қандай салымды таңдаған жөн?

Көбірек қарау