Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Карточкалар мен шоттар

Банктердің салымшылары – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер – заң бойынша банк шоттары мен төлем карточкаларындағы ақшаларының қорғалу құқығына ие

Банк шоттары мен депозиттерін қорғау

Мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдарынан басқа, ҚДКБҚ теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттер мен депозиттік шоттардың көптеген түрлеріне кепілдік береді.



Салымдар

  • Тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесіндегі салымдар;
  • Мемлекеттік сыйлықақы қарастырылған білім беру салымдары.


Депозиттік шоттар

  • Теңгелік, мультивалюталық және шетел валютасындағы төлем карточкалары;
  • Ағымдағы шоттар;
  • Талап еткенге дейінгі салымдар;
  • Шартты салымдар;
  • Жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлардың банк шоттары.


Кепілдік берілген ең жоғары сомалар

  • Теңгелік депозиттер бойынша – 10 миллион теңге;
  • Шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге (валюта баламасы).


Ерекше жағдайлар

ҚДКБҚ кепілдігі банк қызметтерінің кейбір түрлеріне қолданылмайды. Олар:


  1. Депозиттік сертификаттар;
  2. Ислам банктеріндегі салымдар;
  3. Заңды тұлғалардың депозиттері.


Шоттар бойынша сыйақылар

ҚДКБҚ тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі мен білім беру салымдары бойынша салым сомасына, сыйақысына және мемлекеттік сыйлықақы сомасына кепілдік береді.

2018 жылы Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес жаңадан ашылған талап етілгенге дейінгі депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі – жылына 0,1 пайыз.

Азаматтық кодекске сәйкес банктер ағымдағы шоттар бойынша сыйақы есептемейді.

Егер салымшы шартты салымға салған ақшасын банк салымы шартында белгіленген жағдайлар туындағанға дейін талап ететін болса, егер банк салымы туралы шартта басқаша көзделмесе, оған салымы бойынша сыйақы талап етілмелі (етілгенге дейінгі) салымдағы секілді төленуі мүмкін.