Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Тарату процесіндегі банктер

Эксимбанк Қазақстан

Агент банк:

Төлем – ҚДКҚ-дан тікелей

Өтініштерді қабылдау мерзімі:

ҚДКБҚ-да: 2022.05.1 дейін (қоса алғанда)

Тарату комиссияның бас кеңсесі:

Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 80

Телефон: 8(727)266-30-87

Эксимбанк Қазақстан 2018 жылы 28 тамызда барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылды.

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі 2018 жылғы 28 қарашада қабылданды және 2019 жылғы 16 қаңтарда заңды күшіне енді.

Төлем агенті ретінде ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ тартылды. Салымшыларға төлем 2019 жылдың 4 ақпанында басталды.

2022 жылдың басында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға депозиттер бойынша жалпы сомасы 257 миллион теңгеге өтем төледі, бұл міндеттемелердің бастапқы сомасының 99% құрайды. 1,4 миллион теңге әлі талап етілмеген.

2019 жылғы 6 қарашадан бастап ҚДКБҚ өтініштерді өз бетінше қабылдайды және өтемақыны төлейді. Салымшылар (тек шоттар, карточкалар мен депозиттердің иелері) ҚДКБҚ төлемдерінің электрондық порталында электрондық нысанда кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш бере алады.

Төлемді алу үшін салымшылардың өкілдеріне (мұрагерлеріне және өзге құқық иеленушілеріне) сенімхат бойынша және заңды өкілдеріне жазбаша өтінішпен және төлем алу құқығын растайтын құжаттармен ҚДКБҚ-ға келесі мекенжайлар бойынша жүгіну қажет:

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат (ҚДКБҚ бас кеңсесі);
Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов к., 11, 104-кеңсе (ҚДКБҚ Нұр-Сұлтан қ. өкілдігі).

Қор өтінішті қарастырып және өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кеш емес мерзімде ақша қаражатын өтініште көрсетілген деректемелер бойынша ақшасыз төлем түрінде аударады.


docx

Заявление о выплате возмещения в Фонде (для банков на ликвидации).doc

46.592 KB







ҚДКҚ «Эксимбанк Қазақстан» АҚ тарату комиссиясы мен кредиторлар комитетінің құрамына қатыспайды: 2019 жылғы 25 маусымда банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша Қор алдындағы міндеттемелері – жалпы сомасы 258 345 948,32 теңгеге орындалды.


«Эксимбанк Қазақстан» АҚ 118 салымшысында депозиттер бойынша – кепілдік берілген ең жоғары сомадан тыс немесе төленбеген сыйақы бойынша талаптар болған.


01.10.2021 жылғы жағдай бойынша алтыншы кезектегі кредиторлармен есеп айырысулар жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 2 047 617 мың теңгеге (19,1%) есеп айырысулар жүргізілді.

Уақиға

Заңнамаға сәйкес мерзім

Нақты күні

Тарату комиссиясы алтыншы кезектегі кредиторларға ақша төлеуде

Ақшаларды қайтару мерзімі активтердің болуына, мүліктерді сатуға және қарыздарды қайтаруға тәуелді

осы уақытта

Кредиторлар комитеті құрылған

Аралық тарату балансы бекітілген сәттен бастап бір ай ішінде

06.08.2019

Аралық тарату балансы бекітілді – активтер мен міндеттемелер

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген сәттен бастап кемінде 4 ай

13.06.2019

Агент банкте өтініштер қабылдау мерзімі

Агент банкпен арадағы келісімнің қолданылу мерзімі барысында

мерзімі өтті

Агент банкте салымшылардан өтініштер қабылданып, ақша төлене бастады

Өтініш қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде

04.02.2019

ҚДКБҚ агент банкті жариялайды

10 жұмыс күні

01.02.2019

Тарату комиссиясы кредиторлардың өтініштерін қабылдайды және міндеттемелер тізілімін жасайды

Өтініш қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні

25.01.2019 – 26.03.2019

Тарату комиссиясы тағайындалды

Сот шешімі заңды күшіне енген күні

16.01.2019

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді

1 күнтізбелік ай (осы мерзім ішінде апелляциялық шағым түсірілуі мүмкін)

16.01.2019

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданды

Шек қойылмаған

28.11.2018

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап арыз берілді

20 жұмыс күні

25.09.2018

«Эксимбанк» АҚ лицензиясынан айырылды

28.08.2018