Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ кепілдігі

Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі, оның ішінде Қазақстан аумағында ашылған шетелдік банктердің филиалдарындағы банк шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) салым шарттарымен куәландырылған ұлттық және шетел валютасындағы қаражаттары кепілдік объектілері болып табылады.


ҚДКБҚ кепілдігі:

  • салымдарға (депозиттер), оның ішінде, талап етілгенге дейінгі және шартты салымдарға;
  • салымдар бойынша банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру күніне қарай есептелген сыйақыларға;
  • ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларындағы ақшаларға қолданылады.

Қатысушы-банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда банк шотының, карточкасының және (немесе) депозитінің иесі ол (олар) бойынша ұлттық валютада кепілдік берілген максимады сома шегінде кепілдік берілген өтем алуға құқылы.


Кепілдік берілген максималды сома:

  • ұлттық валютадағы жинақ салымдар (депозиттер) бойынша 20 миллион теңгені;
  • ұлттық валютадағы карточкалар, шоттар және басқа да депозиттер бойынша 10 миллион теңгені;
  • шетелдік валютадағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша 5 миллион теңгені (қатысушы банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша балама) құрайды.

Егер бір қатысушы банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше депозит ашылған болса, онда әрбір депозит түрі бойынша шекті сомаларды ескере отырып, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдыққа төленетін кепілдік берілген шекті сома – 20 миллион теңге.


Салымшы депозитінде кепілдік берілген өтемнің максималды сомасынан артық қалған ақшасын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен банктің тарату комиссиясынан алуға құқылы.


Бірнеше банкте орналастырылған ақша қаражаттарына әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі. Сондықтан жинақ ақшаны қауіпсіздендіру үшін оларды әртүрлі банктерге орналастыру ұсынылады.


ҚДКБҚ кепілдігі::

  • жеке тұлғалардың металл шоттарына;
  • банк ұяшықтарында орналастырылған ақшалар мен құнды заттарға;
  • депозиттік сертификаттарға;
  • заңды тұлғалардың депозиттеріне;
  • ислам банктерінде, оның ішінде Қазақстан аумағында ашылған шетелдік ислам банктерінің филиалдарындағы депозиттерге қолданылмайды.