Корпоративтік басқару
Қордың ағымдағы қызметіне басшылық жасау
Акционер
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (құрылғаннан бері) жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
Акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысының құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдерді Жалғыз акционердің атынан осындай шешім қабылдау құқығына ие лауазымды тұлға қабылдайды. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қор Жарғысына сәйкес бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.
Жалғыз акционердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы берілген.
Директорлар кеңесі
Жарғыға сәйкес Қордың Директорлар кеңесі Жалғыз акционердің тікелей құзыретіне жататын сұрақтарды қоспағанда, Қор қызметіне жалпылай басшылық етеді.
Директорлар кеңесінің құрамы:
Баймағамбетов Ақылжан Мәлікұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы
Тутушкин Виталий Алексейұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
Кубенбаев Олжас Мұратұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
Қарақұсов Фархад Сергейұлы
Тәуелсіз директор
Тәжиақов Бисенғали Шамғалиұлы
Тәуелсіз директор
Өтембаев Әділ Нұрланұлы
ҚДКБҚ төрағасы
Директорлар кеңесінің комиттері
Ең маңызды мәселелерді қарау және Директорлар кеңесіне ұсыныстар әзірлеу үшін Қордың Директорлар кеңесі жанында мынадай комитеттер құрылған:
- Директорлар кеңесінің даму стратегиясын әзірлеу және тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеті (Стратегиялық комитет);
- Директорлар кеңесінің кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті (Кадрлар бойынша комитет);
- Директорлар кеңесінің ішкі аудит мәселелері бойынша комитеті (Аудит бойынша комитет).
Атқарушы орган
Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты оның атқарушы органы – Қордың Төрағасы жүзеге асырады.
Атқарушы орган құрамы:
Өтембаев Әділ Нұрланұлы
Қазақстанның депозиттерге
кепілдік беру қорының төрағасы
Иманғалиева Маржан Нұрланқызы
Қазақстанның депозиттерге
кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары
Құдайбергенов Алмаз Күлмесханұлы
Қазақстанның депозиттерге
кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары
Ақбаева Бота Мухамедқызы
Қазақстанның депозиттерге
кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары
Ұйымдық құрылым:
Ішкі аудитор
Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне Ішкі аудитор бақылау жүргізеді. Ол Директорлар кеңесіне ғана бағынады және солардың алдында өзінің жұмысы бойынша есеп береді.
Комплаенс-бақылау
Комплаенс-контролер является частью системы корпоративного управления Фонда и обеспечивает координацию процессов управления комплаенс-риском в АО «Казахстанском фонде гарантирования депозитов».
Система управления комплаенс-риском обеспечивает контроль над соблюдением Фондом законодательства Республики Казахстан, внутренних документов, соблюдения работниками требований антикоррупционного законодательства РК, а также включает в себя управление конфликтами интересов и формирование эффективной системы внутреннего контроля в Фонде.
Корпоративтік уақиғалар
Қордың консультативтік кеңесі
Қордың Консультативтік кеңесі – бұл депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне (бұдан әрі – жүйе) қатысушы-банктер жүйенің жұмыс істеуі мәселелері бойынша мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Қордың Консультативтік кеңесінің негізгі міндеті – қатысушы-банктердің пікірлері мен ұстанымдарын ескере отырып, Қордың Директорлар кеңесіне ұсыныстар беру арқылы жүйені жетілдіруге жәрдемдесу.
Қордың Консультативтік кеңесінің негізгі атқарымдары:
- қосылу шартына өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын, сондай-ақ Қордың кейбір ішкі нормативтік құжаттарын Қордың Директорлар кеңесінің қарауына енгізген ұсыныстарды алдын ала қарау және ұсыну;
- қордың ұсынысы бойынша, қажет болған жағдайда қатысушы-банктердің позицияларын алу кезінде жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін анықтау және белгілеу мәселелері бойынша алдын ала қарау және ұсыныстар беру;
- қатысушы-банктердің Қосылу шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауы барысында туындаған немесе туындауы мүмкін қарама-қайшылықтарды (анықтамалықтарды, дәлсіздіктерді) жою бойынша ұсыныстарды қарау және (немесе) ұсынымдар беру, оның ішінде Қосылу шарты бойынша көзделген алымдар мен өсімпұлдарды төлеу;
- қатысушы-банктердің мүдделерін қозғайтын басқа да сұрақтар.
Қордың Консультативтік кеңесінің қызметіне басшылықты оның Төрағасы жүзеге асырады. Қордың Консультативтік кеңесі төрағасының өкілеттіктері жалпы басшылықты, отырыстарды шақыруды (қажет болған жағдайда), отырыстар хаттамаларын келісуді, есеп беруді қамтиды. Төраға болмаған кезде оның қызметтерін Қордың Консультативтік кеңесінің отырысына қатысқандар арасынан сайланған Қордың Консультативтік кеңесі мүшелерінің бір өкілі орындайды.
Қордың Консультативтік кеңесінің құрамы
Қордың Консультативтік кеңесіне мүшелік ерікті қатысу қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Кез келген қатысушы-банк Қорға тиісті өтінімді жолдау арқылы Қордың Консультативтік кеңесінің мүшесі бола алады. Сондай-ақ, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Қордың Консультативтік кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылады.