Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Мәселелі банктердің салымшыларына кепілдік төлеуді жеделдетуге заңнамадағы өзгерістерді мәжіліс мақұлдады

Ағымдағы жылдың 29 мамырында өткен Мәжіліс отырысында қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылымда мақұлданды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы аясында Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) төлем қабілеті жоқ банктердің салымшыларына кепілдік берілген өтем төлеуді бастау мерзімін айтарлықтай қысқарту туралы ұсыныс берген болатын.

Қазіргі уақытта ҚДКБҚ кепілдігі банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана төленеді. Іс жүзінде бұл банк лицензиясын қайтарып алған сәттен бастап, 5-6 ай кепілдік берілген өтемді төлеуді күту. 

Мақұлданған түзетулерге сәйкес ҚДКБҚ барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан банк айырғаннан (қайтарып алғаннан) кейін жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің депозиттерін өтеуді жоспарлап отыр.
Яғни, мәселелі банктер салымшыларының ақшаны қайтаруды күту мерзімі (кепілдік берілетін сома шеңберінде) кем дегенде екі есе қысқарады, бұл ҚДКБҚ пікірі бойынша қазақстандықтардың қаржы жүйесіне деген сенім деңгейін арттырады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің салымшылары алатын қосымша артықшылықтар туралы ҚДКБҚ заң қабылданғаннан кейін хабарлайды.