КФГД - Казахстанский фонд гарантирования депозитов
Тендер тәсілімен сатып алу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құрметті әлеуетті жеткізушілер Сіздерге «Сатып алу порталы» ақпараттық жүйесінің жұмыс бастағандығы және ҚР Ұлттық банкі мен оның ұйымдарының Сатып алу порталы арқылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы хабарлаймыз.
Қарау және тіркеу үшін www.zakup.nationalbank.kz мекенжайы бойынша өтуіңізді сұраймыз.
Қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидасының 158-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес әлеуетті жеткізушілер «Жеткізуші» өкілеттігімен порталда тіркеуді жүзеге асыруы тиіс және сәйкесті тарифті төлеуі керек.
Тіркеу рәсімдері мен тариф мөлшеріне қатысты ақпарат www.zakup.nationalbank.kz сайтында көрсетілген.
Техникалық мәселелер туындаған кезде www.zakup.nationalbank.kz сатып алу порталының сайтында көрсетілген байланыстар бойынша техникалық қолдау қызметіне жүгіну қажет.
Тендер тәсілімен сатып алу
ақша, инвестиция және қауіпсіздік туралы