Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Жинақ салымдары халық үшін өз тартымдылығын сақтап қалады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2020 жылғы қаңтарға теңгедегі депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін жариялады.

Толықтырылмайтын жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 14,1%, 2 жылға – 14,5% құрайды. Бұл қазақстандықтар арасында ең талап етілетін жинақ салымдары: оларға қалдықтағы көлемнің 83% келеді. Жыл басынан бастап теңгедегі салымдардың барлық түрлері бойынша бүкіл өсім 429 млрд теңге құрады, оның ішінде 237 млрд жинақ салымдарына келді. Басқаша айтқанда,әрбір екінші теңге жинақ салымдарына орналастырылды, нәтижесінде олардың көлемі 10 есе ұлғайды.

3 және 6 айға мерзімсіз және мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері бұрынғы деңгейде сақталды, себебі оларды есептеу үшін Қазақстан Ұлттық Банкі шешім қабылдайтын базалық мөлшерлемесі негіз болып табылады . Ағымдағы сәтте ол 9,25% -ға тең.

Ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің өсуін 12 ай мерзіміндегі мерзімді салымдар анық көрсетеді: банктер 11,1% мөлшерлемесімен толықтырылатын, ал 11,6 % мөлшерлемесімен толықтырылмайтын мерзімді депозиттерді қабылдай алады.

24 айға мерзімді салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер 0,1 п.к. шамалы төмендеді.

Депозиттің санаты Толықтырылатын депозиттер бойынша,% Толықтырылмайтын депозиттер бойынша,%
Желтоқсан 2019 Қаңтар 2020 Желтоқсан 2019 Қаңтар 2020
Мерзімсіз депозиттер 9,8 9,8 9,8 9,8
Мерзімді депозиттер        
3 айға 10,3 10,3 10,3 10,3
6 айға 10,3 10,3 10,3 10,3
12 айға 10,9 11,1▲ 11,4 11,6▲
24 айға 10,9 10,8▼ 12,0 11,9▼
Жинақ депозиттер        
3 айға 12,7 12,7 12,7 12,7
6 айға 13,6 13,4▼ 13,6 13,4▼
12 айға 12,9 13,0▲ 14,0 14,1▲
24 айға 12,7 12,6▼ 14,6 14,5▼

 

Анықтама
2018 жылғы қазаннан бастап Қазақстанда жаңа депозиттік сыныптама – жинақ, мерзімді және мерзімсіз салымдар әрекет етеді.

Мерзімсіз салым – бұл ең дағдылы депозит: банк салымы шартының әрекет ету мерзімі салымшының сыйақыларды жоғалтпастан ақшаны кез келген уақытта пайдалануын шектемейді.

2019 жылғы қыркүйектен бастап мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізінде есептеледі.

Бір жылдан аса мерзімді және жинақ салымдары бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері бәсекелестік нарықта қалыптасқан сыйақы мөлшерлемелері негізінде есептеледі, сондықтан осы салымдар бойынша табыстылық – жоғары.

ҚДКБҚ кепілдігі теңгедегі мерзімсіз және мерзімді салымдар бойынша 10 миллион теңге, жинақ салымдары бойынша – 15 миллион теңге құрайды. Егер салымдар әр түрлі банктерде орналастырылса, ҚДКБҚ әрбір банкте орналастырылған депозиттерге жеке-жеке кепілдік береді.