Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Толықтыруға болатын ұзақ мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғаяды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2020 жылдың қазан айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін хабарлайды.

Депозиттердің көпшілік түрлері бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалды. Мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемелер Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сәйкес келетіндіктен, жылына 9 пайыздық деңгейде сақталады.

Толықтыру құқығы жоқ, 24 айға арналған мерзімді және жинақ депозиттер бойынша ғана нарықтық мөлшерлемелер өзгеріске ұшырады. Сәйесінше осы салымдар бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер қайта қаралды.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық ауытқымасының өзгеруі (мерзімдер арасындағы спредтің қысқаруы), сәйкесінше толықтыру құқығы құнының жоспарлы түрде қайта қаралуы нәтижесінде толықтыру құқығы бар, 1 және 2 жылға арналған мерзімді және жинақ депозиттердің шекті мөлшерлемелері өсті. Депозиттердің осы түрлері мерзімсіз салымдармен салыстырғанда тартымды бола түсуде.



Депозиттің санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

2020 қыркүйек

2020 қазан

2020 қыркүйек

2020 қазан

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

6 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

12 ай

10,4

10,7 ▲

11,1

11,1

24 ай

8,6

9,3 ▲

9,4

9,6 ▲

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

6 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

12 ай

11,9

12,3 ▲

14,0

14,0

24 ай

11,8

12,0 ▲

13,8

13,5 ▼