Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Хабарландыру

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) ағымдағы жылғы 30 наурыздан 5 сәуірге дейін толығымен қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Бұл шара төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік комиссияның осы кезеңде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы 2020 жылғы 27 наурыздағы шешіміне байланысты қабылданды.


Аталмыш кезеңде пошта байланысы арқылы байланыс жасау уақытша қолжетімсіз. Бұл ретте банктер қажетті ақпараттарды ФАСТИ жүйесі арқылы алса, салымшылардың ҚДКБҚ сайтындағы чат, 1460 телефон нөмірі (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін), Қордың Facebook, Instagram: deposit.kz әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасына өтініш жазу арқылы ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар.