ҚДКБҚ депозиттер бойынша 2021 жылдың сәуіріне максималды мөлшерлемелерді жариялады

ҚДКБҚ депозиттер бойынша 2021 жылдың сәуіріне максималды мөлшерлемелерді жариялады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың сәуір айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін хабарлайды.


Ең табысты салым – әдеттегідей толықтыру құқығы жоқ, мерзімі 12 айлық жинақ депозиттер – 14%. Еске саламыз, теңгелік жинақ депозиттер бойынша жоғары мөлшерлемелермен қатар көтеріңкі кепілдік сомасы да қарастырылған – 15 млн теңге.


2021 жылдың ақпанында Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейі қайта қаралмағандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалды. Еске саламыз, олардың деңгейі осы базалық мөлшерлемеге тәуелді.


Мерзімді депозиттердің нарықтық мөлшерлемелерге тәуелді мөлшерлемелері де өзгеріссіз қалды. Өйткені жүйелік деңгейде тиісті өнімдер бойынша банктер ұсынатын мөлшерлемелерге қатысты қандай да бір айқын үрдіс байқалған жоқ.


Нарықта 24 айға ашылатын жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеу үрдісіне байланысты олар бойынша мөлшерлемелер аздап төмендеді.



Депозиттің санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

Наурыз 2021

Сәуір 2021

Наурыз 2021

Сәуір 2021

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

6 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

12 ай

10,3

10,3

10,7

10,7

24 ай

9,1

9,1

9,4

9,4

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

6 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

12 ай

12,3

12,3

14,0

14,0

24 ай

11,3

11,1 ▼

12,8

12,6 ▼