Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ алғашқы төлем күндері ішінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелерінің үштен бірін орындады

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына агент банк ретінде таңдап алынған «Еуразиялық банк» АҚ арқылы кепілдік берілген өтемді төлеу 2021 жылдың 3 шілдесінде – банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру күнінен бастап 6 жұмыс күнінен кейін басталды. Салыстырып қарайтын болсақ, «Tengri Bank» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу 8 жұмыс күнінен кейін басталған болатын.


Алғашқы күндері Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген өтемді алуға өтініш берген 189 азаматқа агент банк арқылы шамамен 518,7 млн теңге төледі. Бұл банк салымшылары алдындағы міндеттемелердің жалпы көлемінің 30,8 пайызын құрайды.


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген өтемді алуға жүгінбеген салымшылдарға төлем мерзімі кезінде (2021 жылдың 2 шілдесінен бастап, соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылдың 3 шілдесіне дейінгі аралықта) агент банктің кез келген бөлімшесіне барып, өтем алуға өтініш беруге кеңес береді. Қолда жеке басты куәландыратын құжат болуы керек. Салымшының орнына басқа адам (сенімхат бойынша өкіл, мұрагер, басқа да құқық иеленуші) өтініш берген жағдайда агент банкке: сенімхат, мұрагерлік құқығы туралы куәлік немесе басқа да құқық белгілеуші құжаттар ұсынылады.Кепілдік берілген өтем салымшыға оның құжаттары агент банкке келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төленеді.


Салымшылар агент банктің бөлімшелеріне бармастан бұрын, «Еуразиялық банк» АҚ сайтында (eubank.kz/capital-bank/): төлем сомасын тексеру, бөлімшенің жұмыс кестесі және жұмысбастылығына қатысты онлайн-сервистерді пайдалана алады.


Еске саламыз, агент банк кепілдік берілген өтемді алу жөніндегі өтінішті тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ғана емес, Қазақстанның басқа да елдімекендерінде орналасқан бөлімшелері арқылы қабылдайды. Ақпарат «Еуразиялық банк» АҚ – www.eubank.kz ресми сайтында қолжетімді. Бұдан басқа агент банк өтем алуға өтінішті бөлімшеге келмей-ақ, www.eubank.kz сайтында онлайн түрінде толтыруды ұсынады.


Депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпараттар Қордың www.kdif.kz сайтында қолжетімді. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, сондай-ақ ҚДКБҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.


Банк салымшылары кепілдік берілген өтем сомасы мәселелері бойынша «Capital Bank Kazakhstan» АҚ уақытша әкімшілігіне мына мекенжайлар бойынша жүгіне алады: Алматы қ., Н. Назарбаев даңғылы, 187Б, +7 (727) 331 66 77; Нұр-Сұлтан қ., Байтұрсынов көшесі, 5, Highvill ТК, D-2 блогы; info@capitalbank.kz.