Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Шетел валютасындағы депозиттердің мөлшерлемелерінің ұсынылатын ең жоғары деңгейі 1,5% дейін төмендетілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Директорлар кеңесі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғары деңгейдегі сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Жаңадан тіркелген жеке тұлғалардың теңге бағамындағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшері бұрыңғы деңгейде, яғни 14 пайыз көлемінде сақталады. Сондай-ақ, ҚДКБҚ Директорлар кеңесі 2017 жылдың 1шілдесінен бастап шетел валютасындағы депозиттердің ұсынылған ең жоғары деңгейдегі мөлшрлемесін 1,5% дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚДКБҚ ұсынған ең жоғары деңгейдегі мөлшерлемесі шартты емес нәтижелі мөлшерлемелерге қатысты екенін еске саламыз. ҚДКБҚ банктік салымдарды, ағымдағы шоттағы қалдық ақшаға және төлем карталарына сыйақы мөлшерінің көлеміне қарамастан кепілдік беретіндігін банк салымшыларының назарын аудартады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДКБҚ) – екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ұйымы.

ҚДКБҚ жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің барлық депозит түрлеріне кепілдік болады, кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы құрайды:

Салымшылар қызметкерлерден ақыл-кеңесті 8 8000 80 10 20 телефоны бойынша алуына болады. Қосымша ақпарат ҚДКБҚ www.kdif.kz ресми сайтында қол жетімді.