4–5 қырқүйекте Алматы қаласында ҚДКБҚ – IADI халықаралық семинары мен конференциясы өтті

4–5 қырқүйекте Алматы қаласында ҚДКБҚ – IADI халықаралық семинары мен конференциясы өтті

4 – 5 қыркүйек күндері Алматы қаласында «Ислам банктерінде орналастырылған депозиттерді сақтандырудың және депозиттерге кепілдік берудің тиімді жүйесі үшін негізге алынатын қағидаттар» тақырыбында Халықаралық семинар және конференция өтті. Аталған семинарды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) мен Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің Халықаралық қауымдастығы бірлесіп (IADI) ұйымдастырды.

Шараға сарапшы болып бірінші деңгейдегі басшылар, басшылардың орынбасарларs және депозиттерге кепілдік беру ұйымдары бойынша 15 елдің бас сарапшылары келді, атап айтсақ, РФ салымдарын сақтандыру бойынша Агенттіктің (АСВ) өкілдері, АҚШ депозиттерін сақтандыру бойынша Федералды корпорациясы (FDIC), сондай-ақ ТМД, Жапония, Корея, Малайзия, Индонезия, Турция, Иордания, Польша, Болгарияның депозиттерге кепілдік беретін ұйымдарының өкілдері қатысты. ҚР Ұлттық Банктің өкілдері бас қасында болды: ҚРҰБ Төрағасының Орынбасары Смоляков Олег Александрович, Қаржылық тұрақтылық департаментінің директоры Хакимжанов Сабит Темирханович, сондай-ақ ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – ҚР қаржы жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері Таджияков Бисенгали Шамгалиевич. IADI атынан Қауымдастықтың Бас хатшысы Дэвид Уолкер, Қауымдастықтың тәуелсіз кеңесшісі Виджей Дешпанде және зерттеу бойынша маман Николай Ремчуков қатысты.

Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылады және ислам банктерінде орналастырылған депозиттерге кепілдік берудегі өзара тәжірбиемен алмасты. Ислам банктерінде орналастырылған депозиттерге кепілдік беру жүйелеріне сәйкес тәжірбие саласында қамтамассыз етуді, Шариғат қағидаттарын сарапшы және Малайзиялық депозиттерді сақтандыру корпорациясы(PIDM), Индонезиялық депозиттерді сақтандыру корпорациясы (IDIC), Иорданияның депозиттерді сақтандыру корпорациясының (JODIC) өкілдері, бірінші басшылары айтып берді. ҚДКБҚ ең үздік халықаралық тәжірбиені және ислам банктерінде орналастырылған депозиттерді сақтандыру саласындағы атқарылған жұмыс көлемін мұқият бақылады, Қазақстандағы ислам банктерін дамыту перспективасын қоса алғанда, нарықта жеке тұлғалар үшін өнімдер және жаңа ойыншылар пайда болды.

Басқа маңызды тақырып проблемалы банктерді реттеу тәжірбиесі болды. Өздерінің тәжірбиесімен және атқарылған жұмыс көлемдерімен Ресей салымдарын сақтандыру бойынша Агенттіктің халықаралық ынтымақтастық бойынша директоры және Украинаның жеке тұлғалар салымдарына кепілдік беретін Қорының Атқарушы директоры және АҚШ (FDIC), Жапония (DICJ), Корея (KDIC), Индонезия (IDIC), Польша (BGF) депозиттеріне кепілдік беретін ұйымының сарапшылары бөлісті.

Шараның бағдарламалары аясында қатысушылар және қазақстандық танымал БАҚ өкілдеріне Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесінің тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша баяндама таныстырылды. Тәуелсіз бағалау, Дүниежүзілік банктің сарапшысымен 2016 жылы жүргізілген, депозиттерге кепілдік беру жүйесіндегі банктердің қатысу тәртібі, банктің мәжбүлі түрде тарату орын алған жағдайда салымшылармен есептесу тәртібі, сондай-ақ тарату өндірісі қызметін жүргізу сынды операциялық мәселелердің әлемдік ең озық тәжірбиеге сәйкес келмейтін тұстарын анықтамады. Дүниежүзілік банкі және ҚДКБҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен болған үш жақты кездесулердің аясында кейбір ұсыныстар мен бастамаларды жылы қабылдап.

Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің Халықаралық қауымдастығы (International Association of Deposit Insurers, IADI) 2002 жылдан бері жұмыс істейді, Халықаралық есеп Банкі (BIS) алдында негізденеді. Қазіргі уақытта қауымдастықта әлемнің 77 елінен салымдарды сақтандыру бойынша 83 ұйым, сондай-ақ орталық банктің өкілдері және қаржылық қадағалау ұйымдары бар.