Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Delta Bank» АҚ банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айыру туралы

2017 жылдың 2 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының № 194 қаулысына сәйкес «Delta Bank» АҚ-ның банктік және өзге операцияларды жүргізуге берген лицензиядан 2017 жылғы 3 қарашадан бастап айыру туралы шешім қабылданды. ҚРҰБ Төрағасы Бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған «Delta Bank» АҚ барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті және тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін әрекет етеді. Уақытша әкімшілік құрамына ҚРҰБ мен «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ қызметкерлері кіреді.

«Delta Bank» АҚ клиенттеріне банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айрылғанын жеткіземіз, демек банк қызметтерін жүзеге асыруға құқылы емес, соның ішінде – клиенттердің банктік шоттардағы шығыс операцияларын жүргізу.

Жеке тұлғалар-салымшылардың есіне саламыз: теңге және шетел валютасындағы депозиттер, төлем карталарындағы ақша және банк шоттары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) кепілдігімен қорғалған: банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан жағдайда, ҚДКБҚ жеке тұлғалар-салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асырады.

Кепілдіктің ең жоғары мөлшері құрайды:

Өтемдер банктік шоттардағы негізгі сома шегінде жүзеге асырылады, банктің есептелген сыйақысына кепілдік берілмейді. Егер де банк салымы шартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, онда капиталандыру сыйақысы негізгі депозит сомасына қосылады және кепілдік объектісіне айналады.

2017 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша «Delta Bank» АҚ жеке тұлғалардың орналастырылған депозиттері 126,4 млн. теңге. Банктің жеке тұлға-салымшылар саны 7 973 құрайды, соның ішінде 2 242 шотында дұрыс қалдық бар. ҚДКБҚ салымшылар алдындағы міндеті сомасы 120, 1 млн. теңгені құрайды – «Delta Bank» АҚ жеке тұлғалар депозиттерінің ҚДКБҚ толық қорғауына жалпы соманың 95% кіреді.

1 қарашадағы жағдай бойынша ҚДКБҚ арнайы резерв көлемі, кепілдік берілген өтемді төлеу үшін белгіленгені 547,5 миллиард теңгені құрайды.

Заңнамаға сәйкес банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ жұмыс істеп тұрған қазақстандық банктер ішінен агент-банкті таңдап жариялайды және аталған агент-банк "Delta Bank" АҚ салымшыларына өтемді төлеуді және есеп айырысу бастайды. Заңнамаға сәйкес, бұл банк қаржылық жағдайы тұрақты, ауқымды филиалдық желісі мен инфрақұрылымы арқасында, салымшыларға қызмет көрсетуге бүкіл ел бойынша мүмкіндік береді. Бұл банк "Delta Bank" АҚ салымшыларымен ҚДКБҚ атынан және есебінен жұмыс істейтін болады.

ұжаттарды қарау мен кепілдік берілген өтемді төлеудің жалпы уақыты агент-банк үшін 5 жұмыс күнінен аспауы керек.

ҚРҰБ және ҚДКБҚ салымшыларға одан әрі дамыту туралы жағдайды БАҚ арқылы хабардар етеді. Салымшылар депозиттерге кепілдік беру туралы қосымша ақпаратпен және заңнамамен www.kdif.kz арқылы таныса алады. ҚДКБҚ мамандарының кеңесін: 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін) телефон нөмірі арқылы аласыздар.

Барлық қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша +7(727) 44 85 55 «жедел желі» телефоны бойынша, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7(727) 278 80 84 телефоны бойынша және ҚР Ұлттық Банкінің Банктерді қадағалау департаментіне +7(727) 2704 893 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.

 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған еншілес ұйымы. ҚДКБҚ кепілдік береді – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жеке тұлғалар салымдарына, барлық банк шоттарына (жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттар т.с.с), банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі шыққан соң ақшалай жинақтарын қайтарады. ҚДКБҚ кепілдігі заңнамалық тәртіпте жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады.

Мемлекеттік кепілдіктің ең жоғары сомасы ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды (баламада).

Қосымша ақпарат www.kdif.kz