Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Шетел валютасындағы депозиттердің мөлшерлемелерінің ұсынылатын ең жоғары деңгейі 2017 жылдың 1 желтоқсанынан 1% дейін төмендетіледі

Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен (31.10.2017 ж. № 12 хаттама) Қормен ұсынылатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері әуелгі деңгейде анықталды:

Осылайша, қазіргі уақытта Қормен ұсынылатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы 1,5% мөлшерлемелері 1 желтоқсанынан бастап 1% дейін төмендетіледі. Жаңадан тіркелген жеке тұлғалардың теңге бағамындағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшері бұрыңғы деңгейде, яғни 14 пайыз көлемінде сақталады. Алайда Қордың Директорлар Кеңесі және/немесе Акционері депозит нарығы конъюнктурасының күрт өзгеруі жағдайында аталмыш мөлшерлемелерді қайта қарастыруы мүмкін.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) – екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің еншілес ұйымы.

ҚДКБҚ банк қызметі мәжбүрлеп тоқтатқан жағдайда банк шоттарының барлық түрлерінде орналастырылған жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттарын қайтару бойынша (соның ішінде жинақтаушы, ағымдағы және карта-шоттардағы) депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің міндеттемелеріне кепілдік береді. Қазіргі таңда 30 банк депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

ҚДКБҚ кепілдігі жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің барлық салымдарына таралады, сондай-ақ ұлттық валютадағы депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғарғы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгені, шетелдік валютадағы депозиттері бойынша 5 000 000 (бес миллион) теңгені бір банкі бойынша бір салымшыға шаққанда (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күніндегі баламасында) құрайды.

Қосымша ақпарат www.kdif.kz ҚДКБҚ ресми интернет-сайтында www.kdif.kz 

Мамандар кеңестерін 8 8000 80 10 20 телефон шалу арқылы алуға болады (қоңырау шалу тегін).