Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қыркүйекте теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлемелер өседі

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ағымдағы жылғы қыркүйекке жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттерінің барлық түрлері бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

Жаңа ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелері ҚДКБҚ жаңа әдістемесі бойынша есептелді, оның негізін нарықтық баға белгіленімі қалады: алты айдан басталатын барлық жинақ салымдары мен мерзімді салымдар үшін мәндер депозиттік нарықтағы орташа өлшемделген сыйақы мөлшерлемесі негізінде, ал мерзімсіз салымдар үшін – Ұлттық Банктің (ҚРҰБ) базалық мөлшерлемесі негізінде есептелді.

Қыркүйекте ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері:

Барлық салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің қозғалысы барлық мерзімдерде депозиттік нарықтағы ағымдағы трендтермен қабылданған.

Депозиттің санаты

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме

Толықтырылатын депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме

1 қыркүйекке дейін

(қолданыстағы)

1 қыркүйекке дейін

(қолданыстағы)

 

Қыркүйекте орналастырылатын жинақ салымдары бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 3, 6, 12 және 24 ай мерзіміне және 1 пайыздық тармақтарға тең спредпен депозиттер тартылған орташа өлшемделген сыйақы мөлшерлемелері негізінде есептелді. Әртүрлі мерзімдерге жаңа ең жоғары мөлшерлемелердің мәндері жылдық 12,3%-дан (толықтырылатын салымдар бойынша 24 айға) толықтырылмайтын салымдар бойынша 24 айға – жылдық 14,2% дейінгі көлемде орналасады. Салыстыру үшін, осындай депозиттер бойынша қолданыстағы шекті сыйақы мөлшерлемелері жылдық 11,5% және 13,5% құрайды.

Жинақ салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – кепілдемемен қорғалған барлық қаржы құралдары арасында ең жоғары. Бұл салымдар жоғары сыйақы мен капиталдандыру есебінен тез ақша жинау үшін құрылған және депозитте орналастырылған ақшаны қажет болған кезде және ақшаны мерзімінен бұрын пайдалануды жоспарламауына нық сенімді салымшылар үшін қолайлы. Теңгедегі жинақ салымдары бойынша ҚДКБҚ кепілдемесі 15 миллион теңге құрайды.

Жеке тұлғалардың депозиттері ақырын тұрақты аймаққа ауысады. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша теңгедегі салымдар 2,6% өсімді көрсетті, шетел валютасындағы салымдар –5% төмендеді. Жинақ салымдарының үлесі депозиттік нарықтың жалпы көлемінде азғантай (3%) болып қалады, ал жинақ салымдары тұрақты 5 еселік өсімді (жыл басынан бастап +436%) ғана емес, сондай-ақ теңге салымдары өсімінің басты қозғаушысы болып түседі: сол мезгілде мерзімсіз және мерзімді депозиттердің көлемі жалпы алғанда 95 миллиард теңгеге қысқарды, жинақ салымдары 116 миллиард теңгеге өсімді көрсетті.

Жинақ салымдары тізімінде салымшылар толықтырылмайтын депозиттерді қалайды: бұндай салымдарға 10 теңгеден 9-ы орналастырылады. Жинақ салымдарының 97,5% 15 миллион теңге шегінде ашылған, яғни – бұл салымдар жиналған сыйақыны есепке ала отырып, толық сомасына кепілдемемен қорғалған.

6, 12 және 24 айға мерзімді салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі сондай-ақ орташа өлшемделген нарықтық сыйақы мөлшерлемелеріне қоса 1 пайыздық тармақтарға тең спред негізінде есептелген. Ерекшелікті мәні базалық мөлшерлеме негізінде қалыптасқан 3 айлық мерзімді салымдар құрады (себебі бұндай салымдар бойынша нарықтық мөлшерлеме базалықтан төмен қалыптасты). Мерзімді салымдар арасында ең жоғары ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 24 айға толықтырылмайтын салымдар үшін – 11,9%, ал ең төмен – 3 айға салымдар үшін – жылдық 10,0% көзделді.

Мерзімді салымдар жинақ салымдары шешетін міндеттерді шеше алады, яғни нысаналы жинақтауларды жеделдету. Мерзімді салымдарға басымдық беретін салымшылар өз ақшаларын билеуде барынша ұтқыр. Ақшаны мерзімінен бұрын шешу шектеулерінің аз болуына байланысты, жинаққа қарағанда мерзімді салымдардың табыстылығы төмен, бірақ, мерзімсіз салымдардың табыстылығынан жоғары.

Салымшылар үшін депозиттегі ақшаны билеудің ең жоғары ұтқырлығы көзделгеніне қарамастан, мерзімді салымдар жинақ салымдары секілді сұраныста емес. Бүгінде мерзімді салымдардың көлемі іс жүзінде 2018 жылғы қазандағыдай деңгейде қалып отыр. Мерзімді салымдар арасында толықтырылу құқығы бар салымдар барынша сұранысқа ие: бұндай салымдарға мерзімді салымдар көлемінен 83% келеді.

Мерзімсіз салымдар бойынша қыркүйекте орналастырылатын, ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі сондай-ақ жаңа әдістеме бойынша есептелген. Ағымдағы базалық 9% мөлшерлеме және 0,5 пайыздық тармақ спреді кезінде мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі қыркүйекте мерзіміне қарамастан жылдық 9,5% құрайды. Қазіргі сәтте, 1 қыркүйекке дейін осы салымдар бойынша жылдық 9,8% дейін табыстылық алуға болады.

Мерзімсіз салым – бұл қазақстандықтарға ең дағдылы қаржы құралы. Іс жүзінде, бұндай салымдар жинақты күтпеген шығындарға жасайтын және ақшаны кез келген уақытта иелену мүмкіндігі болуы маңызды салымшылар үшін жарамды. Бүгінде депозиттік нарықта 10 теңгеден 6-ы мерзімсіз салымдарға орналастырылған.

Қыркүйектен бастап теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері ай сайын жаңартылатын болады.

30 шілдеде ҚДКБҚ алты айдан асатын теңгедегі жинақ және мерзімді салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелер нарықтық трендтер негізінде, ал мерзімсіз салымдар бойынша – базалық мөлшерлеме негізінде есептелетін болады. Орташа нарықтық мәндер және ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінен тыс спред көзделген. Қыркүйектен бастап ҚДКБҚ теңгедегі салымдардың барлық түрлері бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері кестесін ай сайын жариялайтын болады. Ұқсас тәжірибе мәндерді жариялаудың тиісінше апталық және айлық жиілігімен АҚШ пен Ресей Федерациясында қолданылады.

ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жарналары мөлшерлемелерін реттеу үшін 2008 жылғы 1 шілдеден бастап ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді. ҚДКБҚ ең жоғары мөлшерлемелері қатысушы банктер үшін ұсынымдық сипатта болады.

Салымдар бойынша жаңа жарияланған ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері қолданылу кезеңінде салымның мерзімін ұзартуды қоспағанда, бұрын ашылған салымдарға таратылмайды.

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері өзгерген жоқ және мыналарды құрайды: