«Жас отбасы (отбасылық қаржыны басқару)» конкурсы туралы ақпарат

«Жас отбасы (отбасылық қаржыны басқару)» конкурсы туралы ақпарат

«Жас отбасы (отбасылық қаржыны басқару)» конкурсы Қазақстанда бірінші рет өткізілуде.

«Жас отбасы (отбасылық қаржыны басқару)» конкурсы – бұл жас жұптарды, қаржылық сауаттылықтан дәріс беретін және қаржы ұйымдарының мамандарын, бизнес-тренерлерді, коуч-тренерлерді, психологтарды қамтитын ауқымды іс-шара болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының аумағында өткізіледі.

Білім беру жобасына негізделген конкурстың бағдарламасы белгілі адамдармен, дөңгелек үстелдермен және мастер-класстармен, сондай-ақ жас жұптарға арналған арнайы конкурстық бағдарламамен өтеді.

Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең сырттай (шарты www.youngfamily.kz сайтында) бетпе-бет кездесу форматында өтетін финалға іріктеу ретінде қызмет етеді.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар мен серіктестерден ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар алады. Конкурстың серіктестері мен демеушілері тағайындаған ақшалай сыйлық қоры 1 600 000 теңгені құрайды.

Конкурстың негізгі идеясы: қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру және отбасылық білім берудің бастауында отбасылық қаржыны басқаруды дағдыландыру арқылы ажырасу санын азайту.

Конкурстың мақсаты: жас отбасылардың беделін насихаттау, қаржылық сауаттылықты дамытуға, бәсекеге қабілеттілікті, реализм мен прагматизмді қалыптастыруға негізделген жас отбасылардың қоғамдық санасын модернизациялау.

Конкурстың сайты: www.youngfamily.kz

Конкурстың өткізулі кезеңі: 2018 жылдың ақпан – маусым айы.

Конкурстың басталуы: 2018 жылдың ақпан айы.

Конкурс қорытындысы мен сыйлықтарды табыс ету уақыты: 2018 жылдың маусым айы.

Қатысушылар жасы: 18–30 жас аралығындағы жас отбасылар.

 

Конкурстың ақпараттық серіктестері


Конкурстың демеушілері

 

Конкурстың таралуы: Әлеуметтік желілерде, баспа және онлайн басылымдарда, YouTube арнасындағы каналдарда «тікелей эфир».

Конкурстың өтетін орны: Алматы қ., Абай даңғылы 14, Абылай хан көш. қиылысындағы «ҚР Ұлттық Кітапханасы» ғимараты.

Конкурсқа қатысу үшін сайт арқылы тіркелу қажет: www.youngfamily.kz (соңғы мерзімі 23.02.2018 ж.).

Қалған сұрақтар бойынша: +7 747 675 43 37 немесе +7 701 951 79 91