ҚДКҚ Директорлар кеңесі жеке тұлғалардың салымдары бойынша қолданыстағы шекті мөлшерлемелерді қалдырды

ҚДКҚ Директорлар кеңесі жеке тұлғалардың салымдары бойынша қолданыстағы шекті мөлшерлемелерді қалдырды

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың Директорлар кеңесі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді сақтау және өту кезеңін 2019 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, банктерге депозиттердің мерзімді нарығын реттеудің жаңа талаптарына өту бойынша жұмысты аяқтау және жаңа депозит өнімдерінің пайдасын халықтың түсінуі үшін қосымша уақыт беріледі.

2018 жылғы 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер салым түріне, мерзіміне, оны толықтыру және алу мүмкіндігіне байланысты қалыптасатынын еске саламыз.

Қалыптасқан нарық мөлшерлемелері қолданыстағы шекті мөлшерлемелер ағымдағы нарық талаптарында өзекті екендігін көрсетіп отыр. Қазанда мерзімсіз және мерзімді салымдар ең жоғарғыдан төмен орташа алынған мөлшерлемелер бойынша тартылды, ал жинақ депозиттер бойынша орташа алынған мөлшерлемелер шекті деңгейде болды. Жалпы алғанда, мөлшерлемелер мерзімінің ұзақтығы ұлғаюына қарай шекті мәндерге жақындады, ал банктер бойынша мөлшерлемелер ең жоғары мәндерден түрлі бағытта ауытқиды. Бұл бірқатар себептермен түсіндіріледі деп атады ҚДКҚ.

Мәселен, нарықтың бейімделуі үшін қосымша уақыт талап етіледі. Депозиттерді жаңа жіктеуді енгізген кезден бастап бір ай өтті. Ал жаңа банктік өнімдерді әзірлеу нарықты талдауды және тұтынушылық басымдықтарды зерттеуді талап етеді. Жаңа депозиттік өнімдерді ұсынатын банктердің саны ұлғайғаны байқалады. Мәселен, бірінші айда мерзімді салымдарды 11 банк, жинақ салымдарын 7 банк тартты. Қарашада тағы да 4 банк салымшыларға жинақ депозиттерін ұсынды. Осылайша, мерзімді және жинақ салымдарының нарықтары қалыптастырылуда.

ҚДКҚ халықтың жинақ депозиттеріне қызығушылығының өскенін атап өтті. Мәселен, 2018 жылғы қазанда 5 миллиардтан астам теңге тартылды. Толықтыру құқығы жоқ ұзақ мерзімді жинақ депозиттері барынша танымал болып табылады, олардың үлесі тартылған жинақ салымдарының жалпы көлемінің 69%-ын құрайды. Аталған депозиттер бойынша ең көп кірістілік 13% және 13,5% ұсынылады, ҚДКҚ олар бойынша 15 млн теңгеде жоғары кепілдікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ҚДКҚ деректері бойынша мерзімсіз салымдарды мерзімді және жинақ салымдарға біртіндеп конвертациялау жүргізіледі. Соған қарамастан, ҚДКҚ халықтың мерзімді және жинақ өнімдерінің тартымдылығын толық түсіну үшін уақыт талап етіледі деп санайды.

Толықтыруға құқығы жоқ салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлеме
(ЖТСМ)

Толықтыруға құқығы бар салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлеме
(ЖТСМ)