«Qazaq Banki»АҚ-дағы депозиттер бойынша өтемақы алуға барлық жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер құқылы

«Qazaq Banki»АҚ-дағы депозиттер бойынша өтемақы алуға барлық жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер құқылы

2018 жылғы 24 қазандағы Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық соттың «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне 2018 жылғы 29 қарашада берілген апелляциялық шағымына байланысты, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Qazaq Banki» АҚ-да ашылған жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салымдары және шоттары бойынша өтемақы төлеуді бастауына құқығы жоқ.

ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ-ның салымшыларына өтемақыны төлеу үшін агент банкті таңдау жөніндегі барлық алдын-ала жұмысты жүргізіп қойды. Берілген апелляциялық шағымды апелляциялық сатыдағы сот қанағаттандырцсық қалдырған жағдайда, Қор және таңдап алынған агент банкі агенттік келісімді жасасуға өз ниеттерін қолдап отыр.

ҚДКБҚ ескертеді: Қор жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлердің ағымдағы шоттары мен төлем карточкаларындағы салымдарына жинақталған сыйақыларды ескерумен кепілдік берілетінін ескертеді. Заңды тұлғаны құрмаған кәсіпкерлік қызметін атқаратын жеке тұлғалар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражатынан өтемақыны алуға құқылы, банктік шоты шартында заңды тұлғамен жасасқандығы көрсетілгендігіне қарамастан.

Қазіргі уақытта банктің 18 246 клиенттерінің өтемақы алуы күтілуде. Өтемақы төлемінің жалпы сомасы 20,4 миллиард теңге құрайды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражатынан:

Кепілдік берілген өтемді төлеу ұлттық валютада жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге белгіленген нарықтық бағамы қолданылады.

«Qazaq Banki» АҚ-да орналастырылған теңгедегі және шетел валютасындағы бір салымшы депозиттері бойынша өтемақы 15 миллион теңгеге дейін төленеді, сондай-ақ шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге эквивалентінен аспайтын көлемде.

ҚДКБҚ банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге дейін сыйақы есептелетінін және егер банктік салым шартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, онда капиталдандырылған сыйақы өтемақы сомасын есептелуіне кіретінін ескертеді. Капиталдандырылмаған сыйақы немесе кепілдік берілген сомадан жоғары сомадағы өтемақыны алуға талаптары бар салымшылар, агент банкте өтемақыны алумен қатар, депозит бойынша қалдық соманы алу үшін өз банкінің тарату комиссиясына өтініш беруге құқылы.

Банктің барлық түгел клиенттері «Qazaq Banki» АҚ-тың уақытша әкімшілігіне жинақталған сыйақыны ескерумен салым немесе шот сомасын растау үшін хабарласуға құқылы:

Депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемақы сұрақтары бойынша телефон нөмірі: 8 8000 80 10 20 (байланыс тегін).

Ақпарат. 2018 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен «Qazaq Banki» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырды. 2018 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. 2018 жылғы 29 қарашада соттың шешіміне апелляциялық шағым берілді және оны бірінші сатыдағы сот (Алматы қаласының МАЭС) қарауға қабылдады.