Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Астана Банкі» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді

2019 жылғы 9 қаңтарда Алматы қалалық соты Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылғы 26 қарашадағы «Астана Банкі» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне алты заңды тұлғаның және үш жеке тұлғаның 13 – 16 желтоқсан аралығында берген шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, МАЭС-тың 2018 жылғы 26 қарашадағы «Астана Банкі» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді.

Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің «Астана Банкі» АҚ-тағы салымдарда, ағымдағы шоттарда және төлем карточкаларында орналастырылған ақшасының өтелуіне құқығы бар. Өтемақы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) ақшалай қаражатынан жинақталған сыйақыны есептегенде банктік шоттағы немесе төлем карточкасындағы салым, ақша қалдығының сомасы шегінде, бірақ мынадай депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасынан аспайтын мөлшерде төленеді:

Сыйақы 2019 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша капиталдандырылған сыйақы (салымдарды, банктік шоттарды немесе төлем карточкаларын қоса алғанда, депозиттік шоттарға төленген) сомасының шегінде өтеледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленеді: өтемақының сомасын есептеу үшін 2019 жылғы 9 қаңтардағы нарықтық айырбастау бағамы қолданылады.

Агент банк – «Еуразиялық банк» АҚ пруденциялық нормативтерді бұзбаған, қаржылық жағдайы тұрақты және орнықты, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде салымшыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін кең тараған филиалдық желісі мен инфрақұрылымы бар банктердің ішінен таңдалды. ҚДКҚ арнайы резервтің қаражаты есебінен агент банк «Еуразиялық банк» АҚ-ты «Астана Банкі» АҚ-тың салымшыларына өтемақыны төлеу үшін банктің барлық 275 мың салымшысына төлем жасауға 37,5 миллиард теңге мөлшерінде ақшалай қаражатпен қамтамасыз етеді.

«Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдау және өтемақы төлеу «Еуразиялық банк» АҚ-тың Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде орналасқан барлық 17 филиалы мен 126 бөлімшесінде 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап 26 шілдеге дейінгі алты ай ішінде жүргізілетін болады.

«Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдауды және өтемақы төлеуді агент банк «Еуразиялық банк» АҚ-тың Қазақстан Республикасындағы барлық филиалдары мен бөлімшелерінде сенбі күні, 2019 жылғы 26 қаңтарда бастайды, 27 қаңтарда жалғастырады. Дүйсенбі, 28 қаңтардан бастап 26 шілде аралығындағы кезеңде агент банк «Астана Банкі» АҚ салымшыларына төлемді агент банк ретінде бөлімшелері мен филиалдарының әдеттегі жұмыс режимінде жүргізетін болады.

26–27 қаңтарда «Еуразиялық банк» АҚ-тың филиалдары мен бөлімшелерінде «Астана Банкі» АҚ салымшыларына ғана қызмет көрсетілетін болады.

26 қаңтарға дейін агент банк филиалдары мен бөлімшелерінің таратылатын «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдауға, оларды қарауға немесе өтемақы төлеуге құқығы жоқ.

«Астана Банкі» АҚ салымшылары өтемақы алу үшін агент банктің кез келген бөлімшесіне немесе филиалына жеке басын куәландыратын құжатпен өтініш жасауы қажет. Салымшыларды сәйкестендіру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүзеге асырылады, сондықтан «Астана Банкі» АҚ салымшыларының құқықтарын растау үшін банктік салым шарты немесе кіріс касса ордерлері талап етілмейді. «Астана Банкі» АҚ салымшысы өкілінің нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өтініш беруіне және оған өтемақы төлеуге рұқсат етіледі.

2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясын тағайындады. ҚДКҚ және «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясы «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге арналған мынадай іс-шараларды белгіленген мерзімде орындауға кірісті:

Барлық іс-шаралар 2019 жылғы 26 қаңтарға дейін аяқталатын болады.

«Астана банкі» АҚ-тың салымшылары ақшаны агент банктің кассасынан қолма-қол немесе қолданыстағы банктік шотқа қолма-қол ақшасыз аудару арқылы ала алады. «Астана Банкі» АҚ-тың салымшылары агент банктің қолданыстағы депозиттік бағдарламалары бойынша өтемақы сомасына агент банкте депозит немесе шот аша алады. Агент банк салымшылар үшін басымдық белгілеуге немесе өтемақы алу тәсілін еркін таңдауға кедергі келтіруге құқылы емес.

Агент банкке 2019 жылғы 26 шілдесіне дейін өтініш бермеген салымшылар агенттік келісімнің қолданылуы аяқталғаннан кейін тиісті өтінішті тікелей ҚДКҚ-ға бере отырып, өтемақы алуға құқылы.

Агент банкте өтемақы алумен қатар, депозит сомасы кепілдік сомасынан артық немесе есептелген (капиталдандырылмаған) сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар «Астана Банкі» АҚ-тың тарату комиссиясына кепілдікпен өтелмейтін сомада өзінің талабын қоюға құқылы.

Өтемақы алу тәртібі, құжаттардың тізбесі, депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасы туралы, сондай-ақ агент банктің барлық қалалардағы филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары, өтініштерді қарау мерзімдері мен тәртібі туралы жалпы ақпаратты «Еуразиялық банк» АҚ-тың www.eubank.kz ресми веб-сайтынан және мынадай телефондар бойынша агент банктің анықтамалық қызметінен алуға болады: +7 (727) 332 77 22, +7 (771) 000 7722, +7 (700) 000 7722, +7 (702) 010 7722.

Депозиттер бойынша кепілдік туралы жалпы ақпаратты және «Астана Банкі» АҚ-тың салымшыларына төлемдер төлеудің барысы туралы жаңартылған ақпаратты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының www.kdif.kz веб-сайтынан алуға болады. Салымшылар консультация алу үшін @kdif_ask Телеграм-чатқа, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының call-орталығына 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша жүгіне алады немесе ҚДКҚ-ның www.kdif.kz веб-сайтына сұрату қалдыра алады.

Банктің тарату комиссиясында тиісті құжаттарды беру тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ агент банкте төленетін соманы есептеуді, валютаның айырбастау бағамын қолдануды, сыйақыны есептеу мен капиталдандыруды, таратылатын банк алдындағы кепілдік сомасы мен міндеттемелер сомасын есептеуді қоса алғанда, салымшылардың дербес деректеріне байланысты кез келген мәселені нақтылауға болады. Ақпаратты «Астана Банк» АҚ-тың байланыс орталығында: +7 (727) 259 6060 телефоны бойынша немесе мына мекенжайлар бойынша алуға болады:

Тарату комиссиясының филиалдары жоқ қалаларда, «Астана Банк» АҚ-тың салымшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңірлік филиалдарындағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімдерге өтініштерін, құжаттарын бере алады, тарату комиссиясына құжаттарды беру жөнінде консультация алуына болады.