Кепілдік берілген сомадан асатын депозиттері мен есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар агент банкте өтемақыны алумен қатар «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясына талап қоюға құқылы

Кепілдік берілген сомадан асатын депозиттері мен есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар агент банкте өтемақыны алумен қатар «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясына талап қоюға құқылы

«Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясы «Астана Банкі» АҚ –ң әрбір салымшысының алдындағы міндеттемелер тізілімін теңгенің шетел валютасына қатысты сот шешімі заңды күшіне енген күнгі нарықтық айырбастау бағамының өзгеруін, салымдар бойынша сыйақы есептеуді және капиталға айналдыруды, депозиттердегі, оның ішінде шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаны өзара есепке алуды, салымшылардың кредиттер, өсімпұлдар, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және комиссиялар бойынша банк алдындағы ақшалай міндеттемелеріне қатысты салымшыларды, сондай-ақ, банк лицензиясынан айырылғаннан кейін түскен ақшаны салымшылардың шотына есептеуді ескере отырып қалыптастырады.

Кепілдік берілген сомадан асатын депозиттері мен есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар агент банкте өтемақыны алумен қатар, сондай-ақ, даулы мәселелер (салымшылар тізілімінің болмауы) бойынша «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясына талап қоюға құқылы.

«Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясы барлық кредиторлардың, соның ішінде банк салымшыларының талаптарын қанағаттандыру үшін барлық шараларды қолданатын болады. Тарату комиссиясына өтініш берген кредиторлардың талаптары қолданыстағы банк заңнамасымен белгіленген реттілік бойынша банк активтері мен мүлкін сату нәтижелері бойынша өтелетін болады. Тарату өндірісіндегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мерзімдері банк активтері мен мүлкінің жеткіліктілігі мен сапасына, сондай-ақ, оларды іске асыру нәтижелеріне байланысты болады.

Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі – 2019 жылдың 18 қаңтар күнінен бастап 2019 жылдың 18 наурыз күніне дейін. Өтініштерді ерікті жазбаша нысанда «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясының төрайымы Д. М. Зинуллинаның атына жолданып, кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы тарату комиссиясынан жауап алу үшін онда келесідей ақпарат көрсетіледі:

Өтінішке негіздеме мен талап сомасын растайтын құжаттардың (мысалы, банк шоты бойынша үзінді көшірме, банк шотының, банк салымының шарты, соттың заңды күшіне енген шешімдері немесе талап ету құқығын растайтын басқа да құжаттар) көшірмелері қоса тіркеу керек. Тарату комиссиясына ұсынылатын құжаттар көшірмелерінің нотариалдық куәландырылуы талап етілмейді.

Банк пен кредитор арасында жасалған шартпен басқа мерзімдер келісілмесе, тарату комиссиясы тарапынан кредиторлардың келіп түскен өтініштерін қараудың максималды мерзімі алу күнінен екі аптаны құрайды.

Өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жеке түрде берілуі немесе «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясының филиалдарына жолдануы мүмкін:

Тарату комиссиясының филиалдары жоқ қалаларда, «Астана Банкі» АҚ-ның салымшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңірлік филиалдарындағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімдерге өтініштерін, құжаттарын бере алады, тарату комиссиясына құжаттарды беру жөнінде кеңес алуына болады.