Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ мен Еуразиялық банк «Астана Банкі» АҚ салымшыларына кепілді өтемақыны төлеу бойынша брифинг өткізді

2019 жылдың 23 қаңтар күні «Еуразиялық банк» АҚ банк-агенті арқылы «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтемақыны төленуінің басталуына қатысты баспасөз брифингі өтті. Баспасөз брифингке Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Нұрлан Абдрахманов пен «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Павел Логинов қатысты.

Алғысөз айтқан ҚДКБҚ төрағасы 09 қаңтар мен 23 қаңтар аралығында «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтемақыны төлеуді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмысының аяқталғанын хабарлады.

«Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Павел Логинов банк-агент тарапынан біраз ресурстың жұмылдырылғанын атап өтті: бөлімшелер күшейтіліп, қосымша қызметкерлер құрамы іріктеліп, қосымша жұмыс орындары ашылды.

Банк-агенттің филиалдық желісіне қосымша ретінде Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды мен Павлодар сияқты ірі қалаларда «Астана Банкі» АҚ клиенттеріне арналған жеті төлем орталығы ашылды. Бұл төлем орталықтары «Астана Банкі» АҚ салымшыларына ғана қызмет көрсету үшін ашылды.

«Астана Банкі» АҚ салымшыларына төленетін төлемдер 2019 жылдың 26 қаңтар күнінен бастап 26 шілде күніне дейін Қазақстан Республикасының барлық облыстарындағы 126 бөлімшесінен тұратын «Еуразиялық банк» АҚ филиалдық желісі бойынша және «Астана Банкі» АҚ салымшыларына арнайы құрылған төлем орталықтарында жүргізілетін болады. Төлемнің алғашқы күндері сұранысты қанағаттандыру мақсатында, демалыс күндері болып табылатын сенбі мен жексенбі күндері (26 және 27 қаңтар) сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жеке тұлғаларға қызмет көрсететін «Еуразиялық банк» АҚ-тың барлық бөлімшелері жұмыс істейтін болады. Бұдан кейін, 28 қаңтардан бастап 26 шілдеге дейін «Еуразиялық банк» АҚ-тың бөлімшелері жұмысы мен «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтемақыны төлеуді қалыпты режимде жалғастыратын болады.

«Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ салымшыларына ақша алудың бірнеше нұсқасын ұсынады: төртеуі — қолма-қол ақшасы және біреуі — қолма-қол ақшаны кассадан алу. Бұл жағдайда, банк-агент «Астана Банкі» АҚ салымшыларының қажеттіліктеріне лезде жауап қайтарады: олардың ұсыныстарын қарап, клиенттерге ыңғайлы болу үшін ішкі процестерін жедел өзгертеді.

10 қаңтарда «Еуразиялық банк» АҚ-ын «Астана Банкі» АҚ-ның салымшылары бойынша төлем агенті ретінде жариялағаннан кейін агент банкінде жоба бойынша барлық коммуникациялар арналары, солардың ішінде байланыс орталығы, әлеуметтік желілер, арқылы тәулік бойы кері байланыс қызметі жұмыс істеп тұр. Кері байланыс қызметінің қызметкерлері Астана Банкі клиенттерінің тарапынан түскен 10 мыңнан астам шағымды өңдеп бітірді.
Баспасөз брифингінің барысында ҚДКБҚ төрағасы «Астана Банкі» АҚ-да жалпы сомасы 40 миллиард теңгеге жуық болатын 275 мың салымшылардың ақшалай қаражатының жұмылдырылғанын атап айтты. «Астана Банкі» АҚ-тың барлық салымшыларының ҚДКБҚ қаражатынан өтемақы алуға құқығы бар.

Астана Банкі» АҚ-та ашылған 99,6% депозиттік шоттарына толық көлемде кепілдік беріледі: ағымдағы шоттағы немесе төлем картасындағы салым, ақша сомасы максималды өтемақы сомасынан аспайды.

Банктің 64% салымшысында бір мың теңгеден аспайтын депозиттері, ал 79% салымшыларында бес мың теңгеден кем депозиттері бар.
Ауқымы бойынша, банктің шамамен 74%-ы Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Атырау сияқты ірі қалаларда тұрады. «Астана Банкі» АҚ салымшыларының 36%-ы Алматыда тұрады.

Анықтама

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры – бұл екінші деңгейлі банктердің құқықтарын қорғауға арналған 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ұйымы. Банкті мәжбүрлеп таратқан жағдайда, ҚДКБҚ заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақшасын қайтару бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктерінің міндеттемелеріне кепілдік береді. Бүгінгі таңда депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 26 банк қатысуда.

Жиналған сыйақыны ескеріп, ҚДКБҚ өтемақыны салым қалдығының сомасы, банк шотындағы ақша немесе төлем картадағы ақша шегіндегі арнайы резервтің ақшалай қаражатынан төмендегі максималды сомадан асырмай төлейді: ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені, бір салымшының таратылатын банкте бір мезгілде теңгемен және шетел валютасында орналастырылған депозиттері бойынша – 15 миллион теңге (алайда, шетел валютасындағы депозит бойынша 5 миллионнан аспауы тиіс).

Еуразиялық банк — бұл Қазақстанның 24 жылдық даму тарихы бар әлеуметтік тұрғыдан маңызды коммерциялық банкі. Қаржы институты жеке банкинг нарығында үздік орындарға ие болып, корпоративтік клиенттер мен шағын және орта бизнес клиенттеріне кең қызмет ауқымын көрсетуде. Банк көліктерді кредиттеу, POS-кредиттеу, төлем карталарын бағыттау, мобильді банкинг және жалақы жобаларын белсенді түрде дамытып жатыр.

Еуразиялық банк активтері мен жеке капиталы тұрғысынан Қазақстанның ең үздік он екінші деңгей банктерінің қатарына жатады, ол жеке кредиттеу нарығының ең ірі қатысушыларының бірі: 2018 жылдың 01 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке кредит портфелінің көлемі бойынша ол 4 орынды алып жатыр. 2018 жылдың қараша айында Standard&Poor’s Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Еуразиялық банктің ұзақ және қысқа мерзімді рейтингтерін «В/В» деңгейінде растады. Банктің филиалдары мемлекеттің барлық аймақтарында жұмыс істейді, қазіргі таңда Қазақстан бойынша желіде 126 филиал және бөлімше бар.