ҚДКБҚ-ның Директорлар кеңесінің жеке тұлғалар депозиттері бойынша қолданыстағы шекті мөлшерлемелерді сақтау туралы шешімі қабылданды

ҚДКБҚ-ның Директорлар кеңесінің жеке тұлғалар депозиттері бойынша қолданыстағы шекті мөлшерлемелерді сақтау туралы шешімі қабылданды

Жеке тұлғалар депозиттері бойынша қолданыстағы шекті мөлшерлемелер 2019 жылдың екінші тоқсанында сақталады. ҚДКБҚ-ның бұл шешімі депозит нарығындағы қалыптасқан жағдайға негізделеді.

2018 жылғы қазаннан бастап банктер жаңа бөліністе халықтың депозиттерін – мерзімді және мерзімсіз салымдарды тартады. Тартылғандардың жалпы көлемдегі негізгі үлесі халық үшін дағдылы мерзімсіз депозиттер - 90% аса құрайды. Банктер үшін тұрақты қорландыру көзі болып табылатын мерзімді салымдар көлемінің өсуіне қарамастан, олардың үлесі әлі де шамалы(10% кем).

Мерзімсіз салымдарды тартқан жиырма банктің орташа мөлшерленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі 10,5% жоғары мөлшерлеме кезінде 9,8% құрай отырып, шекті мөлшерлемеден төмен қалыптасты.

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда мерзімді салымдар ұсынатын банктер саны 15-ке дейін артты. Банктер санының өсуіне қарамастан, олар бойынша мөлшерлемелер көтеріңкі болып қалуда. Атап айтқанда, жинақ депозиттері бойынша нарықтық мөлшерлемелер шекті деңгейде - 13% аса қалыптасты.

Жалпы, депозиттік өнімдерге баға белгілеудің нарықтық тетігі толыққанды іске қосылған жоқ. Бұл халықтың мерзімді салымдардың шарттары мен пайдалары туралы жеткілікті хабардар болмауымен байланысты. Банктер, өз кезегінде, жоғары мөлшерлеме бойынша мерзімді депозиттерді тарта отырып, «басқыншы» баға саясатын қолданады.

Салымдар бойынша шектіге жуық нарықтық мөлшерлемелер барлық банктік сектор үшін қорландыру құнын арттырады. Өз кезегінде, банктің қымбат қорландыруды тартуы берілетін теңгелік кредиттер бойынша мөлшерлемелердің өсуіне әкеп соғады.

Мерзімді салымдар нарығының қалыптасу процесінің жалғасуын ескере отырып, ҚДКБҚ қолданыстағы шекті мөлшерлемелерді сақтауға шешім қабылдады. 

Толықтыру құқығысыз салымдар бойынша шекті мөлшерлеме
(ЖТСМ)

Толықтыру құқығы бар салымдар бойынша шекті мөлшерлеме
(ЖТСМ)