Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына депозиттерге кепілдік беру жүйесін жетілдірудегі жетістігі үшін халықаралық жүлде ұсынылды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына депозиттерге кепілдік беру жүйесін жетілдірудегі жетістігі үшін халықаралық жүлде ұсынылды

2013 жылдың 7 қарашасында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығының (International Association of Deposit Insurers) XII жалпы жылдық жиналысында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Депозиттерге кепілдік беру жүйесін жетілдірудегі жетістігі үшін» номинациясында жылдың ең үздік ұйымы болып жарияланды.

 Бұл жүлде жыл сайын депозиттерге кепілдік беру жүйесін жетілдіру және дамыту бойынша айтарлықтай жетістікке жеткен, тиімділігін арттырған, сонымен қатар қызметі депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қағидаларына сәйкес келетін ұйымға ұсынылады.

Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығы Қордың келесідей жетістіктерін атап өтті: бизнес-процестреді оптимизациялау және техникалық шешімдерді дамыту, дамыған риск-менеджмент жүйесі және стресс жағдайындағы операцияларды жоспарлау, ілгері дамыған қорландыру жүйесі және қоғамды депозиттерге кепілдік беру механизмі туралы хабарландыру бойынша белсенді науқан жүргізуі.

2007 жылдан бастап Қор «БаТа» депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жарналарының сараланған мөлшерлемелер жүйесін қолдануда және ұдайы жетілдіруде. Бұл жүйе жарналарды белгілі бір банктің тәуекел деңгейіне және корпоративті басқаруына сәйкес есептеуге мүмкіндік беру арқылы банктің қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бақылауға және тәуекелдерді депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушылары арасында әділетті үлестіруге мүмкіндік береді. «БаТа» жүйесі бойынша жасалатын есептемелер процесін автоматтандыру және адамдық факторға байланысты тәуекелдерді ықшамдау мақсатында Қор 2008 жылы жоғарыда аталған жүйемен аттас мамандандырылған ақпараттық жүйені дамытты. Бұл жүйе де ұдайы түрде жетілдіріліп тұрады.

 Қатысушы банктің мәжбүрлі түрде таратылған жағдайында салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша операциялық дайындықты жетілдіру үшін Қор «СалТ Payout» және «СалТ Inspect» ақпараттық жүйелерін (АЖ) дайындады. Қатысушы банктің мәжбүрлі түрде таратылған жағдайында, «СалТ» АЖ депозиторлардың талаптарын барынша қысқа мерзімде, қатесіз және тура есептеуге мүмкіндік береді. «СалТ» АЖ қатысушы банктерде тегін орнатылады және оларға автоматтандырылған банк жүйелерінің сәйкесінше модульдерін және дерекқорда сақталынған жеке тұлғалардың депозиттері туралы мәліметтердің толықтығы және дұрыстығы бойынша өзін-өзі тестілеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, депозиттерге кепілдік беру саласында қазақстандық заңнаманың дамуы және депозиттерге кепілдік беруші міндеттерінің және өкілеттілігінің ең үздік әлемдік тәжірибеге жақындағандығы, соған қоса, төтенше жағдай кезіндегі – банктердің таратылуының түрлі жағдайларында, Қормен дайындалған арнайы іс-қимыл жоспары да аталды.