«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру Қоры» АҚ және Салымдарды сақтандыру Агенттігі (Ресей Федерациясы) өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру Қоры» АҚ және Салымдарды сақтандыру Агенттігі (Ресей Федерациясы) өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

2014 жылдың 10 маусымында Мәскеуде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ және Ресей Федерациясының «Салымдарды сақтандыру Агенттігі» (бұдан әрі - Агенттік)  Мемлекеттік корпорациясы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 

Аталмыш құжат, салымдарды сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру саласында   екіжақты ынтымақтастықты дамытуды, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының банктер жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуді, оның ішінде екі мемлекеттің де аумағында жұмыс атқарып отырған банктерге деген халықтың сенімін қолдауды көздеп отыр.  

Меморандумға сәйкес, тараптар, депозиттерге кепілдік беру, проблемалық банктердің қауқарсыздығын реттеу, ақпараттық жүйелерді пайдалану және электрондық мәліметтер базасын жасау, бірлесе отырып ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру аясында тәжірибе алмасуға келісті. 

Қор, Агенттікпен бірге банктердің таратылуы және конкурстық массаны басқару, сонымен қатар банктердің санациясы (қаржылай көмек арқылы сауықтыру) секілді алаңдарда ынтымақтаса іс атқаруға мүдделі. 

Қор төрағасы Б.Б.Қоғылов: «Меморандумға қол қою, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тығыз экономикалық қарым-қатынастардың, Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында, іс-жүзінде жүзеге асырылып отырғандығын тағы да дәлелдеп отыр. Екі мемлекеттің арасындағы интеграциялық процестердің қарқынды дамуын есепке ала отырып болжар болсақ, Агенттік пен Қор арасындағы өзара тиімді диалогтың нығаюына қажетті маңызды алғышарттар мен негіздер бар» - деп атап өтті.

 АО «Казахстанский фонд гарантирования депозитов» и Агентство по страхованию вкладов (Российская Федерация) подписали меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве