2013 жылдың 10 қаңтарынан бастап депозиттерді қабылдау және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу бөлігінде «Bank RBK» Банкі» акционерлік қоғамына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияның қолданылуы жаңартылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу бөлігінде «Bank RBK» Банкі» акционерлік қоғамына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияның қолданылуы 2012 жылдың 09 шілдесінен бастап алты ай мерзімге тоқтатылуы бойынша қабылдаған 2012 жылғы 04 шілдедегі № 211 қаулысының мерзімі өтуіне байланысты, 2013 жылдың 10 қаңтарынан бастап осы лицензияның қолданылуы автоматты түрде жаңартылды.