Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«DeltaBank» АҚ салымшыларына төлем жалғасады

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - ҚДКБҚ) «DeltaBank» АҚ салымшыларына өтем төлейтін «Банк ЦентрКредит» АҚ агент банкімен келісімнің қолданылу мерзімін ұзартты. «DeltaBank» АҚ салымшыларының 2019 жылғы 19 қарашаға дейін қоса алғанда кепілдік өтеу үшін агент банкке жүгіну мүмкіндігі бар.

«DeltaBank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтем агент банк арқылы 2018 жылдың 17 мамырынан бастап төленеді. Бір жыл ішінде салымшыларға жалпы сомасы 73,4 миллион теңгеге немесе міндеттемелердің жалпы сомасының 46% өтемақы төленді. Кепілдік берілген өтем алуға жүгінбеген «DeltaBank» АҚ салымшылары алдындағы ҚДКБҚ міндеттемелерінің қалдығы 84,6 миллион теңгені құрайды.

195 салымшы өтемақы алды, бұл салымшылардың жалпы санының 10% - нан аз. «DeltaBank» АҚ тарату комиссиясы өтем алуға құқығы бар барлық салымшыларға қоңырау шалуға ниетті. ҚДКБҚ «DeltaBank» АҚ салымшыларын кепілдік берілген өтемді төлеу үшін агент банкке жүгінуге шақырады және еске салады.

Агент банк «DeltaBank» АҚ – да орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ҚДКБҚ қаражаты есебінен және атынан, оның ішінде капиталдандырылған сыйақыны ескере отырып салымдар, ағымдағы шоттар және төлем карточкалары бойынша өтем төлейді. Кепілдік мөлшері келесідей:

ұлттық валютадағы депозиттер бойынша - 10 миллион теңгеге дейін қоса алғанда, 

шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теңгеге дейін қоса алғанда.

«DeltaBank» АҚ клиенттері – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кепілдік берілген өтем алуға құқылы. Салымшылар өтінішті жеке өзі немесе сенімді тұлға арқылы бере алады. Жеке өтініш берген кезде салымшы белгіленген нысан бойынша өтем төлеуге өтініш ұсынуы және жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болуы қажет. Нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда сенім білдірілген адам арқылы өтініш жасауға жол беріледі. Кепілдік берілген өтемді төлеу ұлттық валютада: кассадағы қолма-қол төлеммен немесе деректемелері өтем төлеуге арналған өтініште көрсетілетін өтініш берушінің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аударыммен жүргізіледі.

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланылады. «DeltaBank» АҚ салымшылары үшін агент банкте салым ашу опциясы да қолжетімді. «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелерінің жұмысы мәселелері бойынша: 505 (ұялы телефоннан тегін), 8 (727) 244 30 30, www.bcc.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 194 қаулысы негізінде «DeltaBank» АҚ 2017 жылдағы 3 қарашадан бастап барлық банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды. Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы шешімі 2018 жылғы 25 сәуірде заңды күшіне енді. «Банк ЦентрКредит» АҚ агент банкімен келісім 2018 жылдың 17 мамырынан бастап жарамды.

«DeltaBank» АҚ бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан; банктің Ақтау және Нұр-сұлтан қалаларында филиалдары бар.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ - бұл 1999 жылы екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. ҚДКБҚ банк қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақшасын қайтару бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің міндеттемелеріне кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 26 банк қатысуда.

Салымшылар депозиттер бойынша кепілдік туралы ҚДКБҚ мамандарының кеңесін 1460 телефоны бойынша (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін), ҚДКБҚ Телеграм-чатында: @KDIF_Ask, ҚДКБҚ Facebook: @KDIFKZ, Instagram: Deposit_KZ ресми беттерінде алуына болады.