Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен бірлесіп жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған мерзімді депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеу тетігін әзірлеу мәселесі жөніндегі жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының құрамына Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері кірді.

Өтемақы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша шоттағы қалдық сомасы 1 миллион теңгеге дейін болатын жеке тұлғалардың теңгеде ашылған мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады. Депозит банктегі арнайы шотта бір жыл бойы сақталған жағдайда, азаматтарға бағамдық айырма өтелетін болады.