Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚР Ұлттық Банкі теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы алу шеңберінде өтініштер қабылдау мерзімін 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылғаны туралы хабарлады

Бүгін, 30 қыркүйекте, Ұлттық Банк еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы алу үшін өтініштерді тапсыру мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлады. Өтініштерді беру мерзімі 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартылды. 

Бұл шешім теңгедегі депозиттің өтемақысына құқығы бар салымшыларды барынша көп қамту мақсатында, сондай-ақ банктердің өтініші бойынша қабылданды.

2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында салымшының екінші деңгейдегі банктерде және «Қазпочта» АҚ-та теңгеде ашылған депозиті болған жағдайда оған өтемақы төленетін болады. Бұл ретте 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теңгеден аспауы тиіс екенін еске саламыз.

Салымшылар 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы қажет. Өтемақы алу үшін салымшы депозитті қайта ресімдеген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге депозитті арнайы шотта сақтау жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды.

Түсініктемелер мен консультацияларды ҚР Ұлттық Банкінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінен, ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында, сондай-ақ мына телефондар бойынша алуға болады : +7(727) 2 788 085, +7(727) 2 788 008.