2016 жылдың 10 тамызынан кейін «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның салымшыларына қосымша кепілдік берілген өтемнің сомасын төлеу туралы

2016 жылдың 10 тамызынан кейін «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның салымшыларына қосымша кепілдік берілген өтемнің сомасын төлеу туралы

2015 жылдың 10 тамызынан 2016 жылдың 10 тамызына дейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (әрі қарай – Қор) «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның салымшыларына қосымша кепілдік берілген өтемді төлеуді «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның филиалдар желісі арқылы жүзеге асырды (заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес олар үшін өтемдердің ең жоғарғы мөлшері 700 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды).

2016 жылдың 10 тамызынан кейін «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына (мұрагерлеріне немесе олардың өкілдеріне) кепілдік берілген өтемді Қор өз бетінше олардың төлеу туралы өтініште көрсеткен банк шоттарына аудару арқылы жүргізеді.

«Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу үшін Қорға келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1. Салымшы (мұрагері немесе оның өкілі) жеке өзі келгенде:
- белгіленген нысанға сай өз қолымен толтырылған жазбаша өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кез келген қатысушы банкте, не болмаса Ұлттық пошта операторында банк шотының ашылғаны туралы дәлелдеме анықтама;
- мұрагері келген жағдайда – оның мұраға құқығын немесе мұраны берушінің ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары;
- салымшының өкілі (мұрагері) келген жағдайда – нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы.

2. Салымшы (мұрагері немесе оның өкілі) қашықтан (почта арқылы) жүгінгенде:
- белгіленген нысанға сай өз қолымен толтырылған жазбаша өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кез келген қатысушы банкте, не болмаса Ұлттық пошта операторында банк шотының ашылғаны туралы дәлелдеме анықтама;
- мұрагері келген жағдайда – оның мұраға құқығын немесе мұраны берушінің ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары;
- салымшының өкілі (мұрагері) келген жағдайда – нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы.

Салымшының (мұрагерінің немесе оның өкілінің) мәжбүрлеп таратылған «Валют-Транзит Банк» АҚ-на талап ету құқықтары расталған жағдайда Қор кепілдік берілген өтемді құжаттар Қорға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.

Толығырақ ақпаратты (кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтінішті толтыру жөнінде кеңес алу, құжаттардың толықтығын тексеру және т.б.) 8 800 080 10 20 нөмірінен (қоңырау шалу тегін), info@kdif.kz электронды поштасынан алуға болады.

2016 жылдың 17 қарашадағы жағдайға сәйкес мәжбүрлеп таратылған «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның 4 372 салымшысына жалпы сомасы 3,97 млрд. тенгеге жуық қосымша кепілдік берілген өтем төленді, Қор міндеттемелерінің шамамен 93,1% өтелді.

 

docӨтініш