Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына тиесілі төлемді жалғастыратын болады

«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ 2019 жылдың 24 желтоқсан күніне дейін «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына бүкіл филиалдық желісі бойынша төлемдерді жүзеге асыруды жалғастыратын болады. Банк-агент пен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) арасындағы тиісті агенттік келісімге 21 маусым, жұма күні қол қойылды. Төлем ҚДКБҚ атынан және оның қаржы есебінен жүргізіліп жатыр.

«Qazaq Banki» АҚ-та 18 мың салымшының және жеке кәсіпкердің депозиттері орналастырылған болатын. 2018 жылдың 24 желтоқсан күнінен басталған төлем сәтінен салымшыларға жалпы сомасы 20,2 миллиард теңгені құрайтын өтемақы төленіп, бұл бастапқы төлем сомасының 98%-нан асатын көрсеткішті құрайды.

Әзірше талап етілмеген міндеттемелер сомасы 325 миллион теңгені, яғни бастапқы төлем сомасының 2%-нан аспайтын көрсеткішті құрайды. Алайда, қазіргі сәтте төлем алу үшін салымшылардың үштен бірі ғана жүгінді. Салымдарды әзірше ТАЛАП ЕТПЕГЕН шамамен 80% салымшылар депозиттерінің сомасы бес мың теңгеден кем болған, ал 14% салымшылардың салымдары жүз мың теңгеден асқан. Бүгінгі таңда талап етілмеген ең ірі сома 13,4 миллионды құрайды. Семейдегі, Петропавлдағы, Өскемендегі салымшылардың белсенділігі төменірек.

Бұл салымшыларға барынша жылдам әрі ыңғайлы төлеуді қамтамасыз ету үшін, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ банк-агенті мен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры бүгінгі таңда банк-агенттің инфрақұрылымы мен бүкіл Қазақстан бойынша 17 филиалдан және 28 бөлімшеден тұратын филиалдық желісін пайдалануға шешім қабылдады. Салымшылар 2019 жылдың 24 желтоқсан күніне дейін кез келген жұмыс күні банк-агенттің барлық бөлімшелеріне жүгінуге құқылы.

«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ банк-агенті өтемақыны салымшының жеке басын куәландыратын құжат пен өтініш негізінде төленеді. Оның бланкісін бөлімшеде алуға және толтыруға болады. Өтемақыны сенімхат бойынша да төлеу мүмкіндігі бар. Ақша қолма-қол ақша, банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы төленеді; банк-агентте төлем сомасына депозит ашуға болады. Төлеудің максималды мерзімі 5 жұмыс күні құрайды, алайда салымшылардың шамамен 90% төлеуді жүгінген күні алады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Qazaq Banki» АҚ клиенттері болып табылатын жеке тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге: 

теңгедегі депозиттер бойынша – капиталға айналдырылған сыйақыны ескеріп, 10 миллион теңгеден (қоса алғанда) аспайтын депозит сомасына,
шетелдік валютадағы депозиттер бойынша – капиталға айналдырылған сыйақыны ескеріп, 5 миллион теңгеден (қоса алғанда) аспайтын депозит сомасына өтемақы төлейді. Шетелдік валютадағы депозиттер бойынша өтемақы теңгеде төленеді; есептеу үшін 2018 жылдың 12 желтоқсан күніне қарай қолданылатын валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады. 

Бір салымшының «Qazaq Banki» АҚ-та бір уақытта теңгеде және шетелдік валютада орналастырылған депозиттері бойынша 15 миллион теңгеге дейінгі жиынтық өтемақы төленеді. Бұл жағдайда, шетелдік валютадағы депозит бойынша 5 миллион теңге баламасынан аспайтын өтемақы төленеді.

ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ-та ашылған салымдар, ағымдағы шоттар және төлем карталары бойынша өтемақы төлейді.

«Qazaq Banki» АҚ-тағы депозиттердің 95%-ы максималды кепілдендірілетін сома шегінде ашылып, салымшылар өз депозиттерінің бүкіл сомасына өтемақы алды. Өтемақыны төлеуді бастау сәтінде ҚДКБҚ-ның «Qazaq Banki» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелерінің сомасы ҚДКБҚ резервінің көлемінен 3%-дан аспаған. Әзірше талап етілмеген күйдегі міндеттемелер сомасы қазіргі сәтте қолжетімді резерв көлемінің 0,04%-ды құрайды.

«Qazaq Banki» АҚ салымшыларына өтемақы төлеу туралы және депозиттер бойынша кепілдік туралы консультацияны 1460 қысқа нөмірі бойынша ҚДКБҚ колл-орталығында тегін алуға болады.

«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ банк-агентінің филиалдар мен бөлімшелер тізімімен келесі веб-сайтта танысуға болады: www.vtb-bank.kz. Филиалдар мен бөлімшелердің жұмысы туралы ақпаратты келесі қысқа нөмірі бойынша анықтамалық қызметтен алуға болады: 5050 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін).

Анықтама

2018 жылдың 27 тамыз күні «Qazaq Banki» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды.
2018 жылдың 24 қазан күні Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады.
2018 жылдың 12 желтоқсан күні Алматы қаласының МАЭС-тың 2018 жылғы 24 қазандағы шешімі заңды күшіне енді.
24 желтоқсан күні «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ банк-агенті салымшыларға ҚДКБҚ атынан және оның қаржы есебінен өтемақы төлей бастады. Өтемақыны төлей бастағасын, бірінші ай ішінде салымшылар алдындағы міндеттемелердің шамамен 90%-ы өтелген болатын.