Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 78 қаулысымен 2017 жылғы 22 мамырдан бастап қоса алғанда 2017 жылғы 15 маусымға дейін «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады.

Банктің жеке-тұлға салымшыларының жадына саламыз: ұлттық валютадағы, сондай-ақ шетел валютасындағы депозиттер, төлем карталарындағы ақша және банктік шоттар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен (ҚДКБҚ) қорғалған.

Кепілдіктің ең жоғары мөлшері:

Депозиттегі және банк шоттарындағы қалдық соманы кепілдік берілген өтем шегінде төлеу банкті тарату туралы сот шешімі заңды түрде шыққан соң басталады.

Банктің салымшыларымен есептесуге арналған ҚДКБҚ-ның қаражат мөлшері кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін жеткілікті.
Салымшыларға арналған қосымша кеңестер: жеткілікті құзыры жоқ тұлғалардың тарататын тексерілмеген, көрінеу жалған немесе дерексіз ақпаратын шешім қабылдағанда негізге алмауларыңызды ұсынамыз. Анық хабар алу үшін ресми дереккөздерге жүгінулеріңізді, жаңалықтарды қадағалауларыңызды және БАҚ-да ресми тұлғалардың мәлімдемелерін бақылауыңызды ұсынамыз.

Салымшыларға депозиттер кепілдігі туралы қосымша ақпаратты актуалды редакциямыз www.kdif.kz веб-сайтында орналасқан заңнамадан қарауға болады. Мамандардан ақыл кеңес алу үшін шұғыл байланыс нөмері 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін) хабарласыңыздар.

Сондай-ақ, салымшылар заңды ақыл-кеңесті алу үшін ҚРҰБ Қоғамдық қабылдау бөлмесіне хабарласа алады. Тел. 8 (727) 278 80 84.