КФГД - Казахстанский фонд гарантирования депозитов
Qazaq Banki
«Qazaq Banki» АҚ
Сайт:
Агент банк:
Банк ВТБ (Қазақстан)
Өтініштерді қабылдау мерзімі
агент банктің бөлімшелерінде:
24.12.2018 - 01.05.2022
ҚДКБҚ-да:
02.11.2021-01.05.2022
Тарату комиссиясының төрағасы:
Кумарбеков Азамат Муратович
Кредиторлар комитетінің төрағасы
"Торғай-Петролеум" АҚ"
қредиторлар талаптарының тізілімнің 6-ші кезеңінің өкілі
Тарату комиссияның бас кеңсесі:
A26F2D1, Алматы қ-сы, Тулебаев к-сі 38/61 (Макатаев к-сі қиылысы), «Жетысу» Бизнес-орталығы, 4 қабат
Телефон: +7 (727) 380-39-51, 380-39-99
Qazaq Banki 2018 жылдың 12 желтоқсанынан бастап мәжбүрлеп тарату үдерісінен өтіп жатыр. Банкте жалпы 20,5 миллиард теңге сомасына карточкалар ашылып, 18 мың адамның салымдары салынған.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
салымшыларға өтем төлеуді 2018 жылғы 24 желтоқсанда бастады, агент банк ретінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ таңдалды. 2022 жылдың басында ҚДКБҚ салымшылар алдындағы міндеттемелердің жалпы сомасының 99%-дан астамын өтеді. 20,4 миллиард теңге төленді.
Осы уақытқа дейін өтемді салымшылар Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның кез келген бөлімшесінде қағаз тасымалдағышта және ҚДКБҚ-да электрондық нысанда 2022 жылғы 1 мамырға дейін (қоса алғанда) өтініш бере алады.
Банктегі депозиттік шоттардың 95% кепілдеменің максималды мөлшерінде ашылды. Қор осы депозиттерді толығымен өтейді
«Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясы
кепілдік берілген сомадан немесе капиталдандырылмаған сыйақыдан асатын салымдар бойынша қаражатты қайтаруға өтініш берген салымшылар алдындағы міндеттемелерді қабылдады. Барлығы 698 салымшы бар, олар бойынша міндеттемелер кредиторлардың 4-ші кезеңге жүктелген.
Кепілдендірілген соманы Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қордың арнайы резервінен төлегеннен айырмашылығы, Тарату комиссиясынан кепілдендірілген максималды мөлшерден асатын соманы қайтару мерзімі банктің мүліктік және қаржылық активтерін сатуға байланысты болады.
«Qazaq Banki» АҚ кредиторлар комитеті
тарату комиссиясының жұмысын бақылайды және шығындар, мүлікті сату және жұмыс шарттары туралы маңызды шешімдермен келіседі.
Кредиторлар комитеті барлық кредиторлар арасында ең үлкен талаптары бар нақты банктік кредиторларды қамтиды. Осылайша, комитет мүшесі тарату комиссиясының жедел әрі тиімді жұмысына жеке қызығушылық танытады. Комитет мүшелері өздерінің мүліктік құқықтарын қорғайды, барлық кредиторларды қамтамасыз етеді және банкті тарату процесін бақылау үшін тиісті өкілетке ие.
01.06.2022 жылғы жағдай бойынша екінші кезектегі кредиторлармен есеп айырысулар жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 4 065 000 мың теңгеге (19,81%) есеп айырысулар жүргізілді.
Оқиғалар
Заңнамаға сәйкес мерзім
Нақты күні
Тарату комиссиясы екінші кезектегі кредиторларға ақша төлеуде
Ақшаларды қайтару мерзімі активтердің болуына, мүліктерді сатуға және қарыздарды қайтаруға тәуелді
осы уақытқа
Кредиторлар комитеті құрылды
Аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап бір ай ішінде
01.08.2019
Аралық тарату балансы бекітілді - активтер мен міндеттемелер
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап 4 ай кемінде
19.07.2019
Өтініштерді қабылдау мерзімі:
—агент банкте
—ҚДКБҚ (ТЭП арқылы)
2022 жылғы 1 мамырға дейін
24.12.2018 - 01.05.2022
02.11.2021 - 01.05.2022
Агент банкте және ҚДКБҚ-да салымшылардың өтініштерін қабылдау және ақша төлеу басталады
Өтінішті алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде
агент банкте 24.12.2018 бастап
ҚДКБҚ-да 02.11.2021 бастап
Қор агент банкті жариялайды
10 жұмыс күні
13.12.2018
Тарату комиссиясы кредиторлардың өтініштерін қабылдайды және міндеттемелер тізілімін жасайды
10 жұмыс күні
21.12.2018 - 21.02.2019
Тарату комиссиясы тағайындалды
Сот шешімі заңды күшіне енетін күні
12.12.2018
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді
1-ші күнтізбелік ай (апелляция сол мерзімде берілуі мүмкін)
12.12.2018
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданды
Шектелмеген
24.10.2018
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап арыз берді
20 жұмыс күні
24.10.2018
«Qazaq Banki» АҚ лицензиядан айырылған
28.08.2018