Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 3-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 3-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Мерзімді салымдар

Кіріс:

Ұтқырлық:

Толықтырылатын және толықтырылмайтын түрлері бар

Сыйақыдан қол үзіп, ақшаны мерзімінен бұрын ішінара алуға болады

Жаңа жағдайларға икемді

Қажетті соманы жинауға арналған салым

Мерзімді салымдар – бұл мерзімсіз және жинақ салымның арасындағы үйлесімді нұсқа. Бұл салым сыйақыны ішінара жоғалта отырып, ақшаны толығымен немесе ішінара алуға мүмкіндік береді. Егер Сіз ақшаңызды осы депозитте мерзімі аяқталғанша сақтайтын болсаңыз, көтеріңкі сыйақы мөлшерлемесі осы шектеулердің орнын толтырады.


Мерзімді салымды таңдай отырып, Сіз көтеріңкі мөлшерлеменің арқасында ақшаны тезірек жинайсыз және аса қажет болған жағдайда осы салымдағы ақшаны пайдалана аласыз.


Көтеріңкі мөлшерлеменің арқасында тезірек ақша жинап алыңыз, ал аса қажет болған жағдайда салымыңыздан ақша алуға құқыңыз бар

Көтеріңкі мөлшерлеменің арқасында тезірек ақша жинап алыңыз, ал аса қажет болған жағдайда салымыңыздан ақша алуға құқыңыз бар

Мерзімдер мен мөлшерлемелердің мән-жайын ұғыну

Мерзімді салымдарды таңдай отырып, мына мәселелерді шешіп алыңыз:

1Ақшаны қай мерзімге саласыз?

2Салымыңызды толықтырып тұрасыз ба?

Сыйақы мөлшерлемесі осы сұрақтардың жауабына тікелей байланысты.

1Мерзімді салымдардың мерзімділігіне қарай сыйақы мөлшерлемесі де әрқалай болады.

2Толықтырылмайтын салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері жоғары.

Салымның мерзімін және толықтыру тәсілін белгілеңіз


Толықтырылатын салымдардың мөлшерлемесі төмен

Банктерде үш ай және одан да көп мерзімге арналған, толықтырылатын және толықтырылмайтын мерзімді салымдар ашуға болады. Стандартты нұсқа – бір жылға ашылған салым. Есіңізде болсын: мерзімді салымдағы ақшаны мерзімінен бұрын алудың еш жөні жоқ. Өйткені ақшаңызды мерзімінен бұрын алар болсаңыз, оның банкте жатқан мерзімі үшін есептелген табыс тек жартылай ғана сақталады. Яғни, сыйақы мөлшерлемесі елеулі түрде азаюы мүмкін. Депозит ашар алдында осы жағына көңіл бөліңіз.


Банк өзінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау туралы шешімді өзінің ішкі депозиттік саясатына және банкті қаржыландыру қажеттілігіне қарай өз бетімен қабылдайды. Дегенмен банк бұл ретте банк салымы шартының талаптары бойынша салымның сыйақысын көбейту немесе мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, салым бойынша сыйақы мөлшерін біржақты ретпен өзгертуге құқылы емес.


Салымның мерзімін және толықтыру тәсілін белгілеңіз

Толықтырылатын салымдардың мөлшерлемесі төмен

Мерзімінен бұрын алу

Мерзімді салым – бұл мерзімсіз және жинақ салымның арасындағы үйлесімді нұсқа: мерзімді салымның жинақ салыммен салыстырғанда ұтқырлығы, ал мерзімсіз салыммен салыстырғанда табыстылығы едәуір жоғары.

1 Салымнан мерзімінен бұрын ішінара және толық көлемде ақша алуға рұқсат етілген.

2 Мерзімінен бұрын ақша алатыныңыз туралы хабардар еткен соң, банк Сізге 7 күннен кешіктірмей ақша беруге міндетті.

3 Мерзімінен бұрын ақша алу барысында салымның банкте жатқан бүкіл кезеңі бойынша есептелген сыйақы мөлшерлемесі азайтылады. Қаншалықты? Бұл, банк салымының шартына байланысты.

Мерзімді салымнан мерзімінен бұрын ақша алу барысында барлық банктер сыйақы мөлшерлемесін азайтады.

Мерзімінен бұрын ақша алуға шектеу қойылғандықтан мерзімді салымды да мақсатты жинаққа жатқызуға болады. Жинақ салымнан ерекшелігі сол, егер Сіз мерзімді салымнан мерзімінен бұрын ақша алатын болсаңыз, айырылатын сыйақы аса қомақты бола қоймайды. Дегенмен депозитте нақты қанша ақша жатқандығына қарай банк сыйақы мөлшерлемесін қайта есептейді. Мерзімінен бұрын ақша алу барысында сыйақы төрт сценарий бойынша азаюы мүмкін.

1 Банк мерзімінен бұрын ақша алу барысында есептелген сыйақының тек 50 пайызын ғана төлеуі мүмкін.

2 Банк депозит алудан 90 күн бұрын есептелген сыйақыға тең соманы ұстап қалуы мүмкін.

3 Банк мерзімінен бұрын алынатын сома бойынша есептелген сыйақының 50 пайызын ұстап қалуы мүмкін. Егер салымның шарты бұзылмағанда ол шотқа есептелер еді.

4 Банк сыйақыны депозит бойынша атаулы сыйақы мөлшерлемесінің 50 пайызы көлемінде есептеуге құқылы.

Ақшаны мерзімінен бұрын қашан алатындығыңызға қарай сыйақының қаншалықты төмендейтіндігін банктен анықтап алыңыз.

ҚДКБҚ қорғауында

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімді салымдағы ақшаның және оған жинақталған сыйақының сақталуын қамтамасыз етеді.


Егер Сіз ақшаңызды бір банкте сақтағанды жөн санасаңыз, мына тұжырымдарды есте сақтаңыз.


10 миллион теңгеге дейінгі мерзімді салымдар толығымен қорғалған

1 10 миллион теңгеге дейінгі салым (жинақталған сыйақыны ескере отырып) толығымен қорғалған.


2 Дәл 10 миллион теңгені құрайтын салым да толығымен қорғалған. Бірақ оның сыйақысы кепілдік берілген ең жоғары сомадан тыс есептеледі.


3 Салымның көлемі 10 миллион теңгеден жоғары – мысалы, 11 миллион теңге болуы мүмкін. Бірақ сақталуына кепілдік берілген ең жоғары сома – бәрібір 10 миллион теңге. Бұл жерде 1 миллион теңге – кепілдік берілген ақшадан артық сома. ҚДКБҚ оның сақталуына және төленуіне кепілдік бере алмайды.


Салымдарыңыз бойынша кепілдік берілген соманы онлайн тәртібінде есептеуді үйреніңіз


Қордың байланыс орталығының 1460 тегін нөміріне хабарласып, ақыл-кеңес алыңыз

Ақшаңыздың бір бөлігін басқа банкке салу жағын қарастырыңыз: әр түрлі банктерде ашылған салымдарға кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде өз алдына бөлек кепілдік беріледі.

10 миллион теңгеге дейінгі мерзімді салымдар толығымен қорғалған

Салымдарыңыз бойынша кепілдік берілген соманы онлайн тәртібінде есептеуді үйреніңіз


Қордың байланыс орталығының 1460 тегін нөміріне хабарласып, ақыл-кеңес алыңыз

Тәуекелдерді қалай басқаруға болатындығы

Кредиттік тәуекелді – төлемқабілетсіздігі тәуекелін – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген ең жоғары сома шегінде өз жауапкершілігіне алады.


Сіз ұзақ мерзімді салымдарға қатысты басқа да тәуекелдерді басқаруыңызға болады.


Кредиттік тәуекел: Сіз депозит ашқан банк лицензиясынан айырылып қалуы мүмкін.


Шешім. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген ең жоғары сома шегінде кредиттік тәуекелді өз мойнына алады.


Екі-үш сенімді банкті таңдап, ақшаңызды салымдарға біркелкі орналастырыңыз. Бұл ретте олардың көлемі кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде болуы мүмкін.


Ірі көлемде салымдары бар салымшылар үшін cалымдарға есептелетін болашақ сыйақыларды ескере отырып, ақшаларын кепілдік берілген ең жоғары сомадан асырмай әр түрлі банктерге орналастыру өте маңызды.


Пайыздық тәуекел: Сіз депозит ашқан соң мөлшерлемелер өсіп кетеді.


Шешім. Депозит нарығында пайыздық мөлшерлеменің көтерілуін немесе төмендеуін болжау қиын. Болжамдық инфляция деңгейі, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі және депозиттер бойынша ұсынылатын мөлшерлемелер туралы банктердің веб-сайттарындағы ақпарат нұсқаулық бола алады.


Қайта инвестициялау тәуекелі: Депозитіңіздің мерзімі аяқталуына қарай мөлшерлемелердің көлемі нарықта төмендеп кетуі мүмкін. Сәйкесінше депозитіңізді жаңа мерзімге жоғары мөлшерлемемен орналастыра алмайсыз.


Шешім. Толықтыруға болатын салымдарды ұзақ мерзімге ашыңыз. Олардың мөлшерлемесі толықтыруға болмайтын салымдарға қарағанда едәуір төмен. Бірақ мұндай салым, егер мөлшерлемелер нарықта төмен болған жағдайда, Сізге ақшаңызды тиянақты мөлшерлемемен қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. Осы салымдар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін инфляцияның жоғарғы дәлізінің көрсеткішімен және мерзімсіз салымдардың мөлшерлемелерімен салыстырыңыз.


Өтімділік тәуекелі: Мерзімді салымды ашқан соң, ойламаған жерден күнделікті шығындарыңызға ақша көбірек қажет болып қалады.


Шешім. Жинақ және мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі тартымды болғанымен, ақшаңыздың бір бөлігін қажет болған кезде алуға болатын мерзімсіз салымға салу жағын қарастырыңыз. Бұл салымдағы ақша күтпеген жағдай орын алғанда Сіздің «қауіпсіздік көпшігіңіз» болып табылады. Сіз оны қалаған уақытыңызда пайдалана аласыз. Ең төменгі азайтылмайтын қалдығы бар мерзімсіз салымды таңдап, оған ақша салып қойыңыз.


Ақшаңызды әр түрлі банкте ұстаңыз. Бұл инвестициялаудың негізгі ережесі.



Банкке ақша салуды алдын ала жоспарлаңыз және Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі бойынша және банктердің веб-сайттарындағы ақпаратты мұқият зерделеңіз. Банктердің жаңа ұсыныстарын тыңдаңыз.



Толықтыруға болатын ұзақ мерзімді салымдарды таңдаңыз.



Ақшаңыздың бір бөлігін қашанда қолжетімді болатын мерзімсіз салымда ұстаңыз, яғни күтпеген жағдайларға дайын болыңыз.