Депозитіңіз бойынша сақталуына кепілдік берілген соманы есептеңіз

Депозитіңіз бойынша сақталуына кепілдік берілген соманы есептеңіз

Теңгеде

Шетел валютасында

Соманы валютада енгізе беріңіз. Теңгеге автоматты түрде айырбасталады

Сол банктегі кредит

Қорытынды

0

Біз Ұлттық Банктің ағымдағы ресми айырбас бағамын қолданамыз. Кепілдік берілген нақты соманы есептеу барысында банктің барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған күніне қарай айқындалған валюта айырбасының нарықтық бағамы пайдаланылады

Қалай санау керек

Тек бір банктегі депозиттеріңізді, бірақ барлығын: салымдарыңызды пайызымен бірге, сондай-ақ шоттарыңыз бен карточкаларыңыздағы ақшаларыңызды бірге есептеңіз.

Егер сол банкте кредитіңіз болса, оны да көрсетіңіз. Өйткені ол кепілдік берілген сомаға әсер етеді.

Бір салымшының атына ашылған депозиттер бөлек есептеледі. Бір отбасы мүшелерінің депозиттері бойынша – жеке-жеке кепілдік беріледі.

Салымдардың: мерзімсіз, мерзімді, жинақ және басқа да түрлерін ажырата біліңіз.

Жинақ салым – мерзімінен бұрын жартылай алуға болмайтын, ал толығымен тек банкке хабарлап, өтініш білдіргеннен кейін 30 күн өткен соң ғана алуға болатын салым. Жинақ салым бойынша кепілдік берілген ең жоғары сома – 15 миллион теңге.

Қалғандары – белгілі бір пайызға салынған, мерзімінен бұрын шектеулі көлемде немесе шектеусіз алуға болатын салымдар. Жинақ салымнан басқа, теңгемен ашылған кез келген салым бойынша кепілдік берілген ең жоғары сома – 10 миллион теңге.