Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Дәлелді себептер бойынша кепілді өтем алуға өтінішті қалай беруге болады?

Егер сіз кепілді өтем алуға өтініш беру мерзімін (1 жыл) қандай да бір дәлелді себеп бойынша өткізіп алған болсаңыз, онда лицензиясынан айырылған банктегі қаражатыңызды қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл туралы бұған дейін де талай рет айтқанбыз. Ол үшін әрине, ҚДКБҚ-ға өтінішпен жүгінсеңіз жеткілікті. Сол өтінішті қалай беруге болады?


Дәлелді себептер бойынша төлем алуға өтініш арнайы нысан бойынша беріледі. Оны ҚДКБҚ сайтынан жүктеп алуға болады. Салымшы өтінішті қағазға түсіріп, өз қолымен толтырып, дәлелді себептердің бар екендігін растайтын және (бар болса) өтем алу құқығын белгілейтін өзге де құжаттарды қоса ұсынуы тиіс.


                   Еске саламыз, төлем мерзімін өткізіп алуға негіз болатын дәлелді себептерге мына мән-жайлар жатады:


1)    Салымшының кепілді өтемді төлеу мерзімі барысында әскери қызметке кіруі;

2)    Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болуы;

3)    депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;

4)    салымшының бас бостандығынан айыру орындарында болуы;

5)    сот анықтаған өзге де мән-жайлар.

 

Құжаттар топтамасын мына мекенжайлардың бірі бойынша тікелей ҚДКБҚ-ға әкеліп тапсыру керек:


•        Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев көшесі, 30/8, 3 қабат;

•        Астана қ., Z01А5АF2, Байқоңыр ауданы, М. Ғабуддлин көшесі 18, 1 қабат, №5 кеңсе.

 

Сонымен қатар құжаттарды ҚДКБҚ-ның пошталық мекенжайына да жолдауға болады. Бірақ мұндай жағдайда салымшының өтініштегі қолы нотариалды жолмен куәландырылуы тиіс.

 

ҚДКБҚ өтініш пен растаушы құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде кепілді өтемді салымшының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады немесе тиісті себептер бар болса, өтем төлеуден бас тартады.   


Өтінішті қандай мерзім ішінде беруге болады?


1) банк бойынша тарату үдерісі толығымен аяқталғанға дейін (яғни, банкті мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін);

2) салымшының Әлеуметтік кодекске сәйкес БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы басталғанға дейін (төлем мерзімі аяқталған соң, салымшының талап етпеген өтем сомасы БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда).

 

ҚДКБҚ сайтында кепілді өтемді алуға қажетті құжаттар тізімімен жақын танысып шығуға болады.