Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Tengri Bank төртінші кезектегі кредиторларға төлем жасай бастады

2022 жылдың 23 желтоқсанында «Tengri Bank» АҚ тарату комиссиясы төртінші кезектегі кредиторлармен есеп айырысуды бастады. Бұл туралы таратылған банктің сайтында хабарланды. Депозиттерінде «ҚДКБҚ» АҚ кепілдік берген сомадан асатын қаражатты сақтаған жеке тұлғаларға төлемдержүргізіле бастайды.


«Tengri Bank» АҚ мәліметтеріне сүйенсек, 2022 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша 1, 2 және 3-кезектегі кредиторларымен есеп айырысу толық көлемде жүргізілген. 4-кезектегі кредиторлар талаптарының жалпы сомасының 45 %-ын алды.


Төртінші кезекке барлығы 1,4 млрд теңге сомасына 392 салымшы кіреді, оның ішінде 272 адам ақша аудару бойынша деректемелерін ұсынса, 120 салымшы әлі ұсынбаған.


«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, төртінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың депозиттері, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша талаптар, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады», - «Tengri Bank» АҚ сайтында деп хабарланған.


Тарату комиссиясы кредиторлардан банкке мына құжаттарды ұсынуды сұрайды:


  • ҚР екінші деңгейдегі банкінде ашылған ағымдағы шоттың (әлеуметтік төлемдерге арналмаған) бар екендігі туралы анықтама;

  • Ақша қаражатын аудару туралы еркін нысандағы өтініш;

  • жеке басын куәландыратын құжат.


Банк деректемелерін 050000, Алматы қ., Абай даңғ., 10а, «A&F» бизнес орталығы, 4-қабат, «Tengri Bank» АҚ мекенжайына немесе info@tengribank.kz электрондық поштасына (хабарламалардың тақырыбын көрсете отырып) жіберу қажет.


Барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 244-92-96 телефонына хабарласуға болады.