Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Отандық депозиттер нарығындағы оң үрдістер. ҚДКБҚ шолуы

Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанындағы депозит нарығының соңғы талдауы өткен кезеңдерге тән депозиттердің өсімі жалғасып жатқанын айқын көрсетеді. 2022 жылдың ІІІ тоқсанында депозиттер нарығы инфляциялық үдерістерге және жаһандық экономикадағы серпінді өзгерістерге айтарлықтай төзімді болды. Жылдық негізде жеке тұлғалардың депозиттерінің өсу қарқыны да оң аймақта қалды.


2022 жылдың 1 шілдесі мен 1 қазаны аралығында қазақстандық банктердегі тұрғындар депозиттерінің көлемі 7,1%-ға өсті. Осылайша, жалпы қоржынға 974,1 млрд теңге қосылды.


Жылдық салыстыруда жеке тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемі 17,1%-ға немесе 2,1 трлн теңгеге өсті. Теріс мәндер 2022 жылдың бірінші тоқсанында ғана болды, себебі банктердің жалпы бөлшек депозиттік базасының параметрлеріне қаңтар оқиғалары, одан кейін ресейлік еншілес банктерге әсер еткен санкциялық шектеулер ықпал етті. ҚДКБҚ І тоқсанда халық депозиттері көлемінің төмендегенін хабарлаған болатын.


  Бөлшек депозиттер динамикасы


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының әдістеме және талдау басқармасы тұрғындардың банктерге салған қаражатының үлкен ағыны (тоқсандық өсімде +34,6%) тамыз айында тіркелгенін хабарлады.


Депозит нарығының тұрақтылығын және қазақстандықтардың депозиттер көлемінің өсуімен бірге жинақ белсенділігінің артқанын айқын көрсететін тағы бір фактор – шоттар санының артуы. Осылайша, 2022 жылдың шілде-қазан айлары аралығында салымшылар сақтау және жинақтау үшін 5 миллионнан астам жаңа шот ашты. Нәтижесінде олардың жалпы саны ағымдағы жылдың қазан айының басында 120 миллионнан асты.


Үшінші фактор – қазақстандықтар жинақтарын теңгемен сақтауды жөн көреді. Қор сарапшыларының қорытындысы бойынша, ұлттық валютадағы депозиттер халық үшін тартымды болуда. Теңгедегі депозиттер қоржыны ІІІ тоқсанның деректері көрсеткендей, 7,7%-ға өссе, ал шетел валютасында – 3,3%-ға ғана (валютаны қайта бағалауды есепке алмағанда) өскен. Әлемдік экономикалық жағдайды ескере отырып, халық ұлттық валютадағы депозиттерге сенуін жалғастыруда.


Осылайша, теңгедегі депозиттік қоржынның барлық дерлік түрлері өсті. Бұл ретте мерзімсіз депозиттер бойынша өсім +13,9%, ал жинақ салымдар бойынша +1,6% құрады.


Шетел валютасындағы депозиттердің салыстырмалы түрде үлкен өсімі (3,3%) өткен кезеңдер динамикасына тән емес. Сарапшылар мұны ағымдағы геосаяси жағдайларда бейрезиденттердің ағымдағы валюталық және карточкалық шоттарындағы қалдықтардың өсуіне байланысты уақытша әсер деп бағалайды.


Мерзімділік мәселелеріне келетін болсақ, қазақстандықтардың ең икемді депозиттік өнімдер сегментіне жоғары қызығушылығы сақталуда, бұл жалпы тоқсандағы тұрғындардың жаңа депозиттері ағынының 47%-дан астамын құрайды. Тоқсан қорытындысы бойынша 16 банк жалпы сомасы 3,4 трлн теңгеге мерзімсіз депозиттер тартқан.


Қор сарапшыларының қорытындысы бойынша, депозиттік қоржынның барлық сегменттеріндегі оң өзгерістерге қарамастан, тұтастай алғанда, ағымдағы экономикалық жағдайларда, мерзімсіз депозиттер икемділігінің арқасында қазақстандықтар үшін инвестицияның ең кең таралған түрі болып қалуда. Сонымен бірге, табыстылығының жоғарылауына және кепілдік көлеміне байланысты жинақ салымдар бүгінгі күні тәуекелсіз инвестициялаудың ең тартымды құралы болып табылады.


Қор қызметі туралы толығырақ ақпаратты, ақпараттық хабарламалар мен алатикикалық мақалаларды www.kdif.kz ҚДКБҚ ресми сайтынан, сондай-ақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінен таба аласыздар.