Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қор қаражаты қазақстандықтардың жинақтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті - ҚДКБҚ басшысы

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (бұдан әрі – ҚДКБҚ) арнаулы сақтық қорының көлемі қазіргі уақытта триллион теңгеге жақындады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға артқан. Бұл депозиттерге кепілдік беру жүйесіне тұрақтылық бере ме? Сақтандыру жағдайы орын алған кезде жинақталған қаражат жеткілікті бола ма? Қажет болған жағдайда қосымша ресурстар қайдан алынады? Осы және өзге де сауалдарға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Әділ Өтембаев жауап берді.


Утембаев_2.jpg

 

– Ең басты сұрақтан бастайық – арнаулы сақтық қор дегеніміз не, оның мақсаты қандай және ол депозиттерге кепілдік беру жүйесі үшін, жалпы қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін неліктен маңызды?

 

Арнаулы сақтық қор – бұл депозиттерге кепілдік беру қорында жинақталған, яғни, егер депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы ЕДБ барлық банк операцияларын жүргізуне арналған лицензиясынан айырылса, олардың   салымшыларына ҚДКБҚ өтемдерді уақтылы төлеуді қамтамасыз ету арқылы өз міндеттемелерін орындау үшін қол жетімді қаражаты. Басқаша айтқанда, арнаулы сақтық қор – салымшыларға жинақтарын заңда көзделген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде қайтаруға мүмкіндік беретін сақтандыру қорының бір түрі.

 

Арнаулы сақтық қор елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтейін. Мұндай қордың болуы және оның жеткілікті болуы банктің депозиттерге кепілдік берудің жүйесіне сенімді сақтауға және сақтандыру жағдайы туындаған кездегі әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Қордың кепілдігі депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы 19 банкте орналастырылған жеке тұлғалардың барлық депозиттеріне қатысты екенін анықтама ретінде атап өткім келеді. Тізіммен Қордың kdif.kz ресми сайтында танысуға болады.

 

– Мақсатын анықтадық, енді арнаулы сақтық қордың құрылу көздері туралы айтып берсеңіз.

 

Егер халықаралық стандарттарға жүгінетін болсақ, онда депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығының (IADI) іргелі қағидаттары бойынша депозиттерге кепілдік беру құнын банктер төлеуі тиіс.

 

Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесін қаржыландыру аванстық негізде (ex-ante) жүзеге асырылады. ҚДКБҚ салымшыларға өтемақы төлеуге арналған сақтық қоры жинақтау негізінде, негізінен қатысушы банктердің жарналары есебінен қалыптасады – бұл табыстың жартысын немесе 49% құрайды, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Арнаулы сақтық қорды қалыптастырудағы ұқсас үлесті арнайы сақтық қордың активтерін және Қордың меншікті активтерін орналастырудан түсетін инвестициялық табыс алады. Нәтижесінде, қазіргі уақытта ҚДКБҚ сақтық қорында 796,6 млрд теңге, ал жарғылық капиталдың 70% есепке алғанда 961,7 млрд теңге жинақталған.

– Қордың кепілдік мөлшерінің ұлғаюының тарихи динамикасын ескерсек, бұл арнаулы сақтық қордың сәйкестік деңгейіне қалай әсер етеді? Ол депозиттерге кепілдік беру жүйесінің «қауіпсіз» деңгейіне қаншалықты сәйкес келеді?

 

Қор құрылған күннен бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік мөлшерін 5 рет қайта қарады, бұл әрекеттер экономикадағы түбегейлі өзгерістерге байланысты. Бүгінгі таңда теңгедегі жинақ салымдары бойынша кепілдік мөлшері – 20 млн, теңгедегі басқа депозиттер бойынша – 10 млн, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңге. Нәтижесінде салымшылар шоттарының басым бөлігі – 99,8%-ы ҚДКБҚ кепілдігімен толық қамтылған.

 

Өз кезегінде, халықаралық стандарттарға сәйкес, салымшыларды қорғау жүйесінің сақтық қоры қатысушы банк дефолтқа ұшыраған жағдайда салымшыларға күтілетін төлемдер деңгейіне сәйкес болуы керек және банктердің барлық депозиттік базасын қамтымауы керек. Осылайша, Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында арнаулы сақтық қордың нысаналы мөлшері қатысушы банктердегі барлық кепілдік берілген депозиттер сомасының кемінде 5%-ын құрауы тиіс деп белгілейді. Соңғы мәліметтер бойынша депозиттерді арнаулы сақтық қор есебінен жабу 5,3% құрайды (Қордың жарғылық капиталының 70%-ын есепке алғанда – 6,4%).

 

Қордың қамту деңгейі жағынан заңнама талаптарына сәйкес келетінін көріп отырмыз. Арнаулы сақтық қор қаражаты орташа қазақстандық банктердің дефолтқа ұшырауы жағдайында депозиттерге кепілдік беруге жеткілікті екенін қосып өтейін.

 

– Басқа елдермен салыстыратын болсақ, сіздің ойыңызша, Қордың арнаулы сақтық қор мөлшерінің сәйкестік деңгейі қауіпсіз бе?

 

Қазақстандық қор IADI мүшесі бола отырып, басқа елдермен, соның ішінде тұрғындардың депозиттерін арнаулы сақтық қор арқылы қамту деңгейі бойынша үнемі ақпарат пен тәжірибе алмасады. Бұл жерде біздің еліміз депозиттерді жабудың ең жоғары деңгейлерінің бірін көрсетіп отырғанын атап өтуге болады. Мәселен, дамыған елдерді алатын болсақ, АҚШ-та дәл осындай көрсеткіш, соңғы мәліметтер бойынша 1,3%, Канадада - 1%, Францияда - 0,4%, Чехияда - 1,3%, Швецияда - 2,4% құрайды. Егер Қазақстанды ТМД елдерімен және басқа дамушы елдермен салыстыратын болсақ, Арменияда бұл коэффициент 5%, Беларусьте - 11,6%, Қырғызстанда - 9,7%, Болгарияда - 1,2%, Моңғолияда – 7,7%. құрайды.

 

– Арнаулы сақтық қор қаражаты қандай қаржы құралдарында орналастырылады? Олар кепілді өтемді төлеу үшін қолма-қол ақшаға жылдам айырбасталу мүмкіндігін қамтамасыз ете ме?

 

Қазақстан Ұлттық Банкі арнаулы сақтық қордың активтерін басқарушы болып табылады. ҚДКБҚ-ның инвестициялық саясатына сәйкес арнаулы сақтық қор қаражаты ең қауіпсіз және ең өтімді қаржы құралдарына (Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, Ұлттық банктің ноттары және басқа да сенімділігі жоғары бағалы қағаздар) инвестицияланады. Осылайша, бағалы қағаздардың табыстылығы, олардың тәуекелділігі және қажет болған жағдайда қолма-қол ақшаға тез айырбастау мүмкіндігі арқасында қатысушы банк лицензиядан айырылған кезде кепілдік сомаларды төлеу арасындағы тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.

 

– Арнаулы сақтық қор ақшасы банкротқа ұшыраған банк салымшыларына төлеуге жетпесе, Қордың қосымша қандай қаржыландыру көздері бар?

 

Ең алдымен, Қордың арнаулы сақтық қор жеткіліктілігін үнемі қадағалап, қатысушы банктердің қаржылық жағдайына баға беретінін атап өткен жөн. Осылайша, жеткілікті жоғары дәрежедегі ықтималдықпен біз алдын ала болжам жасап, тиісінше, арнаулы сақтық қор қаражатының жеткіліксіздігінің алдын алу шараларын қабылдай аламыз. Егер, соған қарамастан, мұндай жағдай орын алса, онда салымшыларға кепілді өтемді төлеу үшін Қор қатысушы банктерден қосымша жарналар жинауға, сондай-ақ Ұлттық Банктен қарыз алуға жүгіне алады. Қорытындылай келе, Қордың www.kdif.kz ресми сайтында депозиттердің кепілдігі мен түрлері туралы барлық қажетті ақпаратты, банкті таңдау бойынша кеңестерді және аналитикалық шолуларды таба алатыныңызды атап өткім келеді.