Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

IADI депозиттерді сақтандырушылардың Еуропалық өңірлік комитетіне ҚДКБҚ-ны сайлау туралы

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры IADI Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығының Еуропалық өңірлік комитетінің мүшесі болып сайланды. ҚДКБҚ үшін барлық қатысушылар бірауыздан дауыс берді.


Еуропалық өңірлік комитетке қатысу Қордың Еуроодақтың салымдарын сақтандырушылармен ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізеді. Мұндай тәжірибе алмасу IADI халықаралық қағидаларын қолдана отырып, банк салымдарына кепілдік беру жүйесін дамытуға оң әсер етеді.


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Еуразия және Азия-Тынық мұхит аймақтарының екі комитетіне қатысушы мәртебесіне ие. Қор Еуропалық өңірлік комитет аясында отандық депозиттерге кепілдік беру жүйесін одан әрі жетілдіруге өз үлесін қосуды жалғастырады.


Анықтамалық: Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы (IADI) сақтандырушылардың ғаламдық форумы. Оның мақсаты ұсыныстар тарату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы салымдарға кепілдік беру тиімділігін арттыру. IADI 2022 жылы коммерциялық емес қауымдастық ретінде құрылды. Штаб-пәтері Швейцарияның Базель қаласында орналасқан. Бүгінде IADI құрамында 92 қатысушы бар. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2003 жылы IADI мүшесі атанды.