Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ Мәскеуде ЕАЭО депозиттерді сақтандырушылар басшылары кеңесінің отырысына қатысты

5-6 желтоқсан күндері Мәскеуде ЕАЭО елдерінің депозиттерге кепілдік беру жүйесі басшылары кеңесінің отырысы өтті. Төрағасы Әділ Өтембаев бастаған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының делегациясы депозиттерге кепілдік беру саласындағы заңнаманы үйлестіруге арналған бірқатар халықаралық кездесулерге қатысты.




Іс-шараға сондай-ақ Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдегі қаржы реттеушілерінің, ұлттық (орталық) банктердің өкілдері және депозиттерге кепілдік беру ұйымдарының IT департаменттерінің басшылары қатысты. Іс-шара Ресей Федерациясының депозиттерге кепілдік беру агенттігі мен Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен өтті.


Шара аясында бірқатар сараптамалық қорытындыларды бекітумен депозиттерге кепілдік беру саласындағы заңнаманы үйлестіру бойынша Сараптамалық топтың отырысы өтті. Сондай-ақ ақпараттық технологиялар, депозиттерге кепілдік беру жүйелеріндегі деректердің қауіпсіздігі және осы бағыттардағы тараптардың өзара іс-қимылын дамыту келешегі мәселелеріне арналған ақпараттық технологиялар бөлімдерінің басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.


«Қазіргі уақытта ҚДКБҚ Қазақстанның цифрлық трансформациясын және қаржылық технологиялар мен онлайн сервистердің қарқынды дамуын ескере отырып, Қордың барлық бизнес-үдерістері үшін автоматтандырылған жүйелерді әзірлеудің заманауи құралдарын зерделеуде. Осылайша, ҚДКБҚ кепілді өтемді төлеу үдерісін одан әрі жетілдіруге және қатысушы банктердің күнтізбелік алымдар мөлшерлемелерін есептеудің автоматтандырылған жүйесін ауқымды жаңғыртуға бағытталған», - деді ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев.


Отырыс соңында тараптар Сараптамалық топтың 2022 жылға арналған қызметінің қорытындыларын шығарып, ұлттық банктердің депозиттеріне кепілдік беру жүйелерін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу аясында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Қатысушылар сонымен қатар цифрландыру, автоматтандыру және ақпараттық технологиялар бойынша жұмыс тобын құруға келісті. Бұл ретте IT саласындағы озық халықаралық тәжірибе мен озық инновациялар ескерілетін болады.