Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Депозиттер бойынша өтемақы: желтоқсан айының соңында банктер 300 млрд теңгеге жуық өтінімді қабылдады

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктер 298,8 млрд теңгеге өтінімдерді қабылдады, бұл мемлекет ұсынатын өтемақының әлеуетті сомасының 89%-ын құрайды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры соңғы мәліметтерді ұсына отырып, 2022 жылдың 23 ақпанын қоса алғанда ашылған теңгедегі депозиттер бойынша 10% мөлшерінде өтемақы (сыйақы) төлеуге өтініш беру мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталатынын ескертті.


Қор 2022 жылдың соңына дейін қазақстандықтардың депозиті орналастырылған банкке өтініш беру арқылы өтемақы алуға келісімін растай алатынын атап өтті. Мұны 2023 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей жасалу керек.


«Сыйақы төлемдеріне үмітті салымшылардың барлығы әлі банктерге өтініш берген жоқ. Қазақстандықтарды өтемақы мөлшері аз болса да, төлемді алу құқығын пайдалануға шақырамын, себебі өтініш беру үдерісі бірнеше минутты ғана алады. Көптеген банктер бұл қызметті мобильді қосымшаларда немесе ЕДБ сайтында жүзеге асырады. Өтемақы төлемдері 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін басталады. Бір банкте 10% өтемақы алуға болатын ең жоғары сома – 20 миллион теңгені құрайды», - деді ҚДКБҚ Төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов.


Статистикалық мәліметтерге сәйкес, сыйақы алуға үмітті шоттардың 71%-ы 100 мың теңгеден аспайтын депозиттер. Дегенмен, ҚДКБҚ-да сыйақы көлеміне қарамастан, Бағдарлама ережелеріне сәйкес келетін барлық депозиттер бойынша есептелетінін атап өтті.


Толығырақ ақпаратты депозит орналастырылған банктерден алуға, немесе сұрақтарыңызды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask Telegram-чатына жібере аласыздар, сондай-ақ 1460 тегін нөмірі бойынша ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға болады.