Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу 3 шілдеде аяқталады

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді соңғы күнін қоса алғанда ағымдағы жылдың 3 шілдесіне дейін алуға құқылы екендігін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (бұдан әрі – ҚДКБҚ) хабарлайды.


Бүгінгі таңда «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемнің жалпы сомасының 92%-дан астамы төленгеніне қарамастан, қаражаттың белгілі бөлігі әлі де талап етілмей отыр. Негізінен бұл көп сомалар емес. Оларды алу үшін агент банктің бөлімшелеріне келудің қажеті жоқ. Салымшылар кепілдік берілген өтемді алуға өтінішті онлайн бере алады. Бұған бар болғаны бірнеше минут қана уақыт кетеді.


«Онлайн-өтініш беру үшін салымшының (тікелей банк шоттарының, төлем карточкалары мен салымдардың иесінің актуалды электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Әрі қарай бейне тексеруден өту немесе ұялы телефон нөміріне алынған бір реттік парольді (код) енгізу қажет болады. Бір реттік парольді Мобильді азаматтар базасында тіркелген номері бар салымшылар ғана пайдалана алады. Өз кезегінде салымшының заңды өкілдері, сенімхат бойынша өкілдері, мұрагерлері немесе басқа құқық иеленушілері «Еуразиялық банк» АҚ-қа жүгініп, растаушы құжаттарды ұсынулары тиіс», - деп түсіндірді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев.


ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін (2022 жылдың 3 шілдесі) «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларының талап етілмеген сомалары БЖЗҚ-ға олардың ерікті зейнетақы жарналары ретінде жеке зейнетақы шоттарына жіберілетінін еске салады. Қаражат «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңға сәйкес төлем мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде, яғни соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылғы 2 тамызға дейін аударылатын болады.


«Дәлелді себептермен төлем мерзімін өткізіп алған, соның ішінде талап етілмеген сомалары БЖЗҚ-ға аударылған салымшылар кепілдік берілген өтемді алу үшін ҚДКБҚ жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. Өзімен бірге дәлелді себептің болуын растайтын құжаттар болуы керек», - деп атап өтті Әділ Өтембаев.


Дәлелді себептерге: салымшының әскери борышын өтеуге аттануы, салымшының Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы, салымшының мұрасын қабылдау және мұраны алуға немесе ашуға байланысты өзге де себептер, сондай-ақ сот белгілеген басқа да жағдайлар жатады.


Толық ақпарат алу үшін салымшылар 1460 тегін номері бойынша хабарласып немесе info@kdif.kz сауал жіберіп немесе сұрақтарын @Kdif_ask Telegram чатында қоя алады. Сонымен қатар депозиттер бойынша кепілдік туралы барлық ақпарат ҚДКБҚ ресми сайтында және Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде қолжетімді болып табылады.