Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қазақстандықтар қандай сұрақтар бойынша ҚДКБҚ-ның байланыс орталығына жиі хабарласады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) байланыс орталығына жыл басынан бері 5 162 қоңырау түсіпті. Операторлар ағымдағы жылдың сәуір айында ҚДКБҚ 2022 жылдың сәуір және мамыр айларында мерзімсіз және қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді көтерген кезде 1460 қысқа нөміріне қоңыраулар санының артқанын тіркеді. Осы кезеңде операторлар телефонына 1063 өтініш түскен.


2022 жылғы 1 қаңтар мен 19 шілде аралығындағы ҚДКБҚ статистикасы




Сондай-ақ, банктерді тарату барысында 1460 қысқа нөміріне қоңыраулар көбейгені байқалған.

 

Биылғы жылы қазақстандықтарды қызықтырған ең танымал сұрақтар мен жауаптарды ұсынамыз:

 

Кепілдік өтемақы алуға қандай уақыт аралығында  өтініш беруге болады?

 

Барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған банк салымшысы кепілдік өтемақыны төлеу басталған күннен бастап 1 жыл ішінде өтініш бере алады.

 

Егер кепілдік өтемақы сомасын төлеу мерзімі ішінде салымшы оны талап етпесе, оған не болады?

 

Салымшы кепілдік өтемақыны төлеу мерзімі өткеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде талап етпеген кепілдік өтемақы сомасы БЖЗҚ-ға аударылады және салымшының жеке зейнетақы шотына оның ерікті зейнетақы жарнасы ретінде есептеледі.

 

Төлем мерзімі өткеннен кейін салымшы кепілдік өтемақы алуға өтініш бере ала ма?

 

Салымшы белгіленген төлем мерзімінде өтінішті беруге кедергі келтірген дәлелді себеп болған жағдайда салымын қайтару туралы өтініш беруге құқылы.

 

Дәлелді себептерге мыналар жатады:

 

• салымшының әскери қызметке қабылдануы;

• салымшының Қазақстан Республикасынан тыс жерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы;

• салымшының мұрасын қабылдау және мұраны алуға немесе ашуға байланысты басқа да себептер;

• сот белгілеген өзге де мән-жайлар.

 

Төлем мерзімі өткеннен кейін салымшы кепілдік өтемақыны төлеу үшін қайда жүгіне алады?

 

Бұл ретте салымшы белгіленген нысанға сәйкес төлем туралы өтінішті қолмен толтырып, оған дәлелді себептердің бар екендігін растайтын құжаттарды қосып, келесі мекенжайлар бойынша ҚДКБҚ-на тапсыруы тиіс:

 

• Алматы қ. Сәтпаев көш.,30/8, 4 қабат;

• Нұр-Сұлтан, Иманов көш., 11.

 

Құжаттарды сондай-ақ ҚДКБҚ-ның пошталық мекенжайына жіберуге болады, бұл жағдайда өтінішке қойылған қол міндетті түрде нотариалды куәландырылуы жатады.

 

Кепілдік өтемақыны төлеу туралы негізгі сұрақтардан басқа, қазақстандықтар депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі депозиттер бойынша ең жоғары кепілдік сомалар туралы ақпаратты жиі сұрайды.

 

ҚДКБҚ кепілдігіне келесі сомалар жатады:

 

• жинақ салымдары бойынша – 20 миллион теңгеге дейін;

• жинақтарды қоспағанда, теңгедегі барлық депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін;

• шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.

 

“ҚДКБҚ Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін пайдаланушылардың өтініштерін қабылдап, өңдейді және кеңес беру қызметтерін көрсетеді, - дейді «Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ Банктік қызмет көрсету бюросы қашықтан қызмет көрсету департаментінің директоры Әйгерім Хисарова, - қоңыраулар 1460 қысқа нөмірі бойынша қабылданады және Қазақстан Республикасының ұялы және қалалық нөмірлерінің абоненттері үшін тегін. Сонымен қатар, пайдаланушылардың жұмыс уақытында цифрлық ассистентке хабарласып, мәтіндік операторға сұрақ қоюға мүмкіндігі бар, сондай-ақ олар ҚДКБҚ-ның сайтында орналасқан «виджет» арқылы жылдам автоматты жауаптар жүйесін пайдалана алады".

 

Сондай-ақ Әйгерім Хисарова екінші деңгейлі банктердің бірінің лицензиясы қайтарып алынған жағдайда пайдаланушылардың өтініштері күрт артатынын, мұндай кезеңде байланыс орталығының жұмыс кестесі уақытша өзгеретінін, операторлармен кешке жұмыстан тыс уақытта, әрі демалыс және мереке күндері де байланысуға болатынын айтты. Қалыпты режимде демалыс күндері және жұмыс сағаттарынан кейін пайдаланушылар 1460 нөміріне дауыстық хабарлама қалдырып, виджет арқылы үндеу жаза алады.

 

Сонымен қатар қажетті ақпаратты info@kdif.kz электрондық поштасына хат жіберу немесе @kdif_ask арқылы Telegram чатында сұрақ қою арқылы алуға болады. Қордың барлық жаңалықтары сонымен қатар www.kdif.kz ресми сайтында және Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде қолжетімді.