Агент банк «Астана банкі» АҚ салымшыларына өтем төлеуді жалғастырады

Агент банк «Астана банкі» АҚ салымшыларына өтем төлеуді жалғастырады

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - ҚДКБҚ, Қор) «Еуразиялық банк» Акционерлік қоғамымен жасалған келісімді тағы алты айға ұзарту туралы шешім қабылдады. Осылайша «Астана банкі» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу үшін осы Агент банкке 2021 жылдың 28 қаңтарына дейін жүгіне алады.

Еске саламыз, «Астана банкі» АҚ салымшыларына өтем төлеу 2019 жылдың 26 қаңтарынан бері жалғасып келеді. Салымшылардың барлығы бірдей өтем алуға өтініш бермегендіктен, Агент банк арқылы өтем төлеу мерзімі әлденеше рет ұзартылды.

Өткен бір жарым жыл ішінде Агент банк «Астана банкі» АҚ салымшыларына Қордың атынан және есебінен 37,1 млрд теңге көлемінде өтем төледі. Бұл төленуге міндеттелген жалпы соманың 99 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта «Астана банкі» АҚ-тың кепілдік берілген өтемді әлі алмаған салымшылары алдындағы өтелмеген міндеттеме - 447 млн теңге. Өтемді барлығы 60 274 салымшы алды. Бұл банктің барлық салымшыларының 22 пайызына тең.

Қор кепілдік берілген өтем алуға әлі өтініш бермеген «Астана банкі» АҚ салымшыларын келісім мерзімі аяқталғанға дейін Агент банктің кеңсесіне баруға шақырады. Агент банктің филиалдары мен бөлімшелерінің тізімін https://eubank.kz сайтынан көруге болады. Сондай-ақ филиалдар мен бөлімшелердің жұмыс уақыты туралы ақпаратты анықтама қызметінің +7 (727) 332-77-22 телефон нөмірі бойынша алуға мүмкіндік бар.

Атап өту керек, осы банкте шоттары, төлем карточкалары және депозиттері бар жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кепілдік берілген өтем алуға құқылы. Теңгелік депозиттер бойынша (салымдар, ағымдағы шоттар және төлем карточкаларын қосқанда) ең жоғары төлем сомасы ¬– 10 миллион теңге; шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге. Бір салымшының «Астана банкі» АҚ-та теңгеде және шетел валютасында орналасқан депозиттері бойынша төленетін жиынтық шекті сома – 15 миллион теңге. Бұл жерде шетел валютасындағы депозиттер бойынша төленетін сома – валюта баламасында 5 миллион теңгеден аспайды.

Кепілдік берілген өтем касса арқылы төленеді немесе өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген банк шотына аударылады.

Барлық төлемдер тек теңгеде жүзеге асырылады. Шетел валютасындағы салымдар бойынша өтем сомасы банкті еріксіз тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні – 2019 жылдың 9 қаңтарына қарай қалыптасқан валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.

Төлем сомасын есептеуге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар «Астана банкі» АҚ тарату комиссиясына мына мекенжайлар бойынша жүгінулері қажет:

  • Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38/61, «Жетісу» БО, 3 қабат (Мақатаев көш. бұрышы), телефон: +7 (727) 259 60 60;
  • Нұр-Сұлтан қ., Ғабдуллин көшесі, 18, ВП-3, «Е» блогы, телефон: +7 (717) 255 93 17;
  • Атырау қ., Сәтбаев көшесі, 19, «Атырау Plaza» БО, телефон: 8 (712) 255 80-21, 8 (729) 270-10-25;
  • Шымкент қ., Б. Момышұлы, 25, телефон: 8 (725) 299-71-80;
  • Қарағанды қ., Бұхар Жырау даңғылы, 51/4, телефон: 8 (721) 255-99-01;
  • Өскемен қ., Қабанбай батыр көшесі, 140, телефон: 8 (723) 256-09-96.

Депозиттер бойынша кепілдік беру мәселелері, өтем төлеу тәртібі бойынша «Астана банкі» АҚ салымшылары Қордың байланыс орталығына 1460 тегін қысқа нөміріне хабарласып, info@kdif.kz электрондық поштасы, www.kdif.kz сайты немесе @kdif_ask Телеграм-чаты арқылы сауал жолдай алады.

Ескертеміз, 2021 жылдың 28 қаңтарынан кейін банк салымшылары тікелей Қорға өтініш берулері қажет.