Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ «Delta Bank» АҚ салымшыларына өтемді төлейді

«Delta Bank» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енуіне байланысты «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) 2018 жылдың 17 мамырдан бастап «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеуді бастайды. Кепілдік берілген өтемді төлеуді «ҚДКБҚ» АҚ қаражатынан «Банк ЦентрКредит» АҚ-ы арқылы жүзеге асыратын болады. «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен 2018 жылы 3 мамырда тиісті келісім жасалды. Агент банк «Delta Bank» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдап және өңдеп, кепілдік берілген өтемді алты ай ішінде барлық филиалдар желісінде төлейді.

Төлем сомасы шамамен 141 миллион теңгені құрайды. Өтемді алуға құқығы бар жеке тұлғалардың саны – 2 244 адам, оның ішінде кепілдік берілген өтем мөлшерінің шегінде – 2 242 адам. Осыған байланысты, кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы 580,4 миллиард теңгені құрайды.

Банктің салымшылары мен клиенттері ҚДКБҚ қаражаты есебінен кепілдік берілген өтемді алуға құқылы:

ҚДКБҚ жеке тұлғалардың шоттарының барлық түрлерін, соның ішінде салымдарға (есептелген сыйақыларды қоспағанда), ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаға кепілдік береді. Кепілдік берілген өтем тек ұлттық валютада төленеді; шетел валютасындағы депозиттерді өтеу банктің мәжбүрлеп таратылуы туралы сот шешімі күшіне енген күні - 2018 жылдың 25 сәуірдегі баламамен есептеледі. Өтемнің ең жоғарғы шегі Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру заңнамасымен анықталған:

Салымшылар алты ай ішінде агент банкке жүгінуге құқылы. Алты ай өткеннен кейін кепілдік берілген өтемді алу үшін салымшылар тікелей ҚДКБҚ-на өтініш бере алады.

Салымшылар өтемді алу үшін келесі тәсілдердің бірін таңдауға құқылы:

 

«Банк ЦентрКредит» АҚ-на өтініш бергенде жеке куәлік пен бекітілген форма бойынша толтырылған кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған өтініш болуы тиіс. Өтініш бланкісін агент банк бөлімшелерінен алып толтыруға немесе ҚДКБҚ веб-сайты www.kdif.kz жүктеуге болады. Өкілдік арқылы өтемге өтініш жасауға болады, оның өкілеттігі нотариалды куәландырылған сенімхатпен расталу қажет.

Кепілдік берілген сомадан асатын депозиттері бар жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте және кезекте «Delta Bank» АҚ-ның тарату комиссиясы банктің активтерін сату барысында өтемақы алуға құқылы. Кепілдік берілген өтем сомасынан асып кеткен депозиттері бар салымшылар, сондай-ақ сыйақыны алу мәселесімен салымшылар АО «Delta Bank» тарату комиссиясына мына нөмірлер бойынша хабарласуына болады: +7 (727) 339 46 76 (Алматы қ.), +7 (7172) 21 57 07 немесе +7 (7172) 21 71 72 (Астана қ.), +7 (7292) 43 14 56, +7 (7292) 43 37 35 (Актау қ.).

Қосымша ақпарат – «ҚДКБҚ» АҚ ресми интернет сайтында: Депозиттер кепілдігі туралы мамандардың ақыл-кеңесін 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін); +7 (727) 312 24 40, 312 24 41 (Алматы қ.) телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ агент банк бөлімшелерінің жұмысы туралы сұрақтар бойынша: 505 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), 8 (727) 244 30 30; www.bcc.kz

 

Анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы №194 қаулысына сәйкес «Delta Bank» АҚ-ы 2017 жылғы 3 қарашадан бастап банктік және басқада операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылды. ҚРҰБ Төрағасының бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған банкті басқарудың барлық органдарының өкілеттіктері өтті. ҚРҰБ және ҚДКБҚ мамандары уақытша әкімшілік құрамына кірді. 2018 жылдың 13 ақпанында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Delta Bank» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. 2018 жылы 25 сәуірде сот шешімі заңды күшіне енді.

Банктің бас офисі Алматы қаласында орналасқан; банктің Астана және Ақтау қалаларында филиалдары бар.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған ұйымы.

Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соның ішінде жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттар), кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.

Заңнама сәйкес кепілдік жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады. Мемлекеттік кепілдіктің ең жоғары сомасы бір салымшыға бір банк үшін ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан күнгі баламада).