Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«5 күн қалды». ҚДКБҚ депозиттер бойынша өтемақы төлеуге өтініш қабылдау мерзімінің аяқталатындығы туралы еске салады

Теңгелік депозиттер бойынша 10% мөлшерінде өтемақы (сыйлықақы) төлеуге өтініштер қабылдау 2023 жылдың 10 ақпанында аяқталады. Өтініш беру мерзімінің аяқталуына 5 күн қалды, 10 ақпаннан кейін өтініштер қабылдау автоматты түрде аяқталады, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.   


Соңғы деректер бойынша 2023 жылдың 3 ақпанына қарай, банктер депозиттер бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеуге салымшылардан 306,2 млрд теңгеге өтініштер қабылдады. Бұл өтемақының әлеуетті сомасының 92,9%-ын құрайды.


«Қандай да бір себептермен өтініш бермеген салымшыларды мемлекет беретін біржолғы сыйлықақыны алуға өтініш беруге шақырамыз. Бұл үшін салымшы депозиті ашылған банкке жүгінуі тиіс. Мұны соңғы күнін қоса алғанда ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін банктердің бөлімшелерінде немесе мобильді қосымша арқылы онлайн түрінде жасауға болады. Банктер сыйлықақыны 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төлей бастайды. Осы ретте өтемақы салым бойынша банктер төлейтін пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің үстінен қосымша есептелетіндігін атап өткім келеді», - дейді ҚДКБҚ Төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.


Өтемақы депозитте 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі аралықта депозитте болған ең аз қалдық ақшаға есептеледі.


ҚДКБҚ сыйлықақыны жинақ, мерзімді, мерзімсіз, білім беру жинақтау салымдары және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіндегі жинақ қаражат иелері алатындығын еске салады. Бір банкте оған 10%-дық өтемақы есептелуі мүмкін максималды сома 20 млн теңгені құрайды.


Толыққанды ақпаратты салым орналасқан банктерден білуге болады немесе сауалдарды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask Тelegram-чатына жолдауға немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндік бар.