Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Соттың 2018 жылғы 24 қазандағы «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне апелляциялық шағым берілді

2018 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешім (бұдан әрі – Сот шешімі) қабылдады.

2018 жылғы 29 қарашада Соттың шешіміне апелляциялық шағым берілді және оны бірінші сатыдағы сот (Алматы қаласының МАЭС) қарауға қабылдады.
Осылайша, соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Апелляциялық инстанцияның сотында істі қараудың ең ұзақ мерзімі – күнтізбелік екі ай. Егер апелляциялық инстанцияның соты апелляциялық шағымды қанағаттандырмаса, онда сот шешімі жария етілген кезде заңды күшіне енеді.

Осылайша, Міндетті кепілдік беру туралы заңға сәйкес, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана салымшыларға өтемақы төлей бастайды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры апелляциялық шағымды қарау бойынша оқиғалардың орын алуын қадағалайтын болады және салымшыларға қолда бар ақпаратты дереу бұқаралық ақпарат құралдары және www.kdif.kz. сайтына жариялау арқылы жеткізеді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Qazaq Banki» АҚ-тың барлық салымшыларына кепілді өтемақы төлеу үшін жеткілікті қаражатқа ие. «Qazaq Banki» АҚ-та жеке тұлға - 18 246 салымшының 20,8 миллиард теңге жалпы сомаға депозиттері орналастырылған. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының резервінен төлеу сомасы 20,4 миллиард теңге болады, бұл Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры резерві көлемінің 3%-нан аспайды.